Азан шақырып, ат қоюдың дұрысы қалай?

31 шілде 2018 34911 0
Оқу режимі

Әйелім ұл тапты. Балаға азан шақырып ат қою үшін мешітте азан шақырғандай құлақты жауып тұрып айтуым керек па? Дұрысы қалай? Егер перзентханада еркектер болмаса, әйел адам не болмаса балағат жасына толмаған жас бала азан мен қамат айтып нәрестеге ат қойса бола ма? Белгілі бір мерзімге инкубаторда жатуға тиісті ауыр халдегі нәрестеге немесе мерзімінен бұрын дүниеге келген шақалақтарға қалай азан шақырылып, ат қойылады? Олар дүниеге келгеннен кейін бірнеше өткен соң азан шақырып, ат қойса бола ма


Жауап

Нәрестеге ат қоятын адам баланың оң құлағына – азан, сол құлағына қамат айтқан кезде өз құлағын жабу шарт емес. Егер перзентханада ер адам болмаса, онда нәрестенің атын кез келген мұсылман әйел не болмаса азан мен қамат айта алатын жас бала қойса да болады. Ал инкубаторда жатқан нәрсетеге шыққан соң да азан шақыруға болады.

Тегтер: азан ат қою
Пікірлер Кіру