Истибра тек еркектерге ғана тән дүние ме?

26 шілде 2018 12345 0
Оқу режимі

Сұрақ: сәлеметсіздер ме. Сұрағым келгені, истибраны тек еркектер ғана жасай ма, әлде біз де жасауымыз керек пе?

Жазира.


Жауап

Сәлеметпіз. Әуелі, истибра деген – кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей арылу. Кіші дәретке истибра жасау – сүннет. Истибра дәрет алмастан бұрын аздап күту, жүру, жөтелу арқылы жасалады. Бұл – ер кісілерге байланысты іс[1].

Имам Ибн Абидин (р.а) «Раддул-мухтар» еңбегінде «Истибра, истинқа және истинжәның айырмашылықтары бабында» бұған қатысты былай деді: «Мұнда[2] еркек пен әйел бірдей. Алайда истибра басқашалау, себебі әйел истибра жасамайды. Ол кіші дәретінен кейін истинжа жасағанға дейін кішігірім уақыт күтуі жеткілікті»[3].

Тоқетері: әйел адам истибра жасамайды.

Сәттілік иесі Алла ғана.

Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 

 

[1] Ислам ғылымхалы (ханафи мазхабы бойынша) М. Исаұлы; Қ. Жолдыбайұлы

[2] Яғни, истинқа мен истинжә мәселелерінде

[3] Раддул-мухтар

Тегтер: истибра
Пікірлер Кіру