Айт намазына көлікпен бару тәкаппарлық бола ма?

04 маусым 2019 10771 0
Оқу режимі

Ассалам алейкум. Айт намазына көлікпен баруға болмайды, бұдан тәкәппарлық еседі дейді. Бұл сөз қаншалықты рас? Иманжан Әбдірасылов


Жауап

Уа алейкум ассалам. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзі мешітке жаяу баратын болған. Себебі оның тұратын үйі мен мешіт арасында көлік қолдануды қажет ететін қашықтық болмаған.

Дегенмен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әр іс-әрекетінен ғибрат алған ғалымдар мешітке жаяу баруды сүннет деп бағалаған, өздері де мешітке жаяулатып баруды әдетке айналдырған. Бірақ кімде-кімнің тұратын жері алыс болып немесе қандай да бір себептерге байланысты намазға көлікпен барса, мұнда тұрған еш әбестік жоқ.

Айт намазға немесе басқа намазға көлікпен барудың тәкәппарлықпен тікелей байланысы жоқ. Ең дұрысы Аллаға мәлім.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

Пікірлер Кіру