Қаза оразаны келесі жылға дейін өтеудің дәлелі бар ма?

05 мамыр 2019 11191 0
Оқу режимі

Ассаламағалейкум! Сұрағым: мен былай естіп едім, қаза болған күндерді келесі жылғы оразаға дейін ұстауға болады деп. Осыған дәлел бар ма екен? АЛЛА разы болсын сіздерге! Жамбыл, Маңғыстау облысы


Жауап

Уағалейкумуссалам, Жамбыл! Алла Тағаланың Құрандағы мына аятында: «Егер біреу сырқаттанып немесе сапарда жүріп санаулы күндерін өткізіп, қаза етіп алса, басқа күндерде өтеулеріне болады...»[1], - деген. Осы аятта «басқа күндері»деген сөз жалпылама уақытты білдіреді, яғни белгілі бір уақытпен шектемей «әйтеуір бір күні өтейсіңдер» деп пенделеріне жеңілдік танытуда. Осыған қарай, Ханафи мәзһабында рамазан оразасының қазасын өтеу уақыты шектелмеген. Яғни, келесі рамазан айына дейін немесе үлгермесеңіз одан кейінгі уақыттарда өтей аласыз. Ал, уақытты созбай тезірек өтеуге тырысу сауапты.

Ендеше, осы рамазаннан қалған қарызы бар жандар мүмкін болса осы айда өтеп тастағандары абзал. Оған мүмкіндіктері болмаса алдағы күндері бөліп-бөліп өтеулеріне де рұқсат[2].

[1] Бақара – 184-аят.
[2] Әл-Хидая – 1/320 бет.

Пікірлер Кіру