Әр қиындық күнәнің кешірімі дей аламыз ба?

11 наурыз 2019 13642 0
Оқу режимі

Ас сәламу алейкум! Осы адамдар ауырып немесе қиын бір жағдайға ұшырап жатса, жанымыздағылар «Алланың сынағы ғой, Алла Тағала сүйген құлдарын сынақ беріп сынайды» деп жұбатып жатады. Сосын тағы естігенім, біздің басымызға келген әрбір қиындық күнәміздің кешірілуіне себеп болады екен. сол қаншалықты рас?


Жауап

Уа алейкум әссалам! Расында, Алла Тағала адам басына келген әр қиындық үшін оның күнәларын кешіреді. Мысалға, Әбу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

مَا يُصِيبُ المُسْلِمَ مِنْ نَصَبٍ وَلا وَصَبٍ، وَلا هَمٍّ وَلا حَزَنٍ وَلا أَذًى وَلا غَمٍّ، حَتَّى الشَّوْكَةِ يُشَاكُهَا، إِلَّا كَفَّرَ اللهُ بِهَا مِنْ خَطَايَاهُ

«Қайсы бір иман иесі ауырса, қажыса, уайымдаса, көңілсіз болса, зиян көрсе, қайғы шексе, тіпті аяғына тікен кірсе-дағы, Алла оған сол арқылы күнәларын кешіреді»,[1] – дейді.

Әнәстан (р.а) жеткен басқа хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қызуы көтеріліп ауырып жатқан бір бәдәуи арабқа зиярат етуге кіргенде, оған ауруының: «Күнәнің кешірілуі мен тазалық»,[2] – дегені айтылады.

Осы хадистерге сүйеніп, адамның басына келген нендей қиындық болмасын ол адамның күнәларының кешірілуіне себеп болады дей аламыз. Ең дұрысын Алла біледі!

 


[1] Бухари

[2] Ахмад

Тегтер: қиындық күнә
Пікірлер Кіру