Мешітке адам есімін қою бидғат па?

02 қыркүйек 2021 8100 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Мешітке адамның атын беруге бола ма?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Мешітке шариғат бойынша салдырған адамның немесе басқа да ғұлама тұлғалардың есімін берудің ешбір әбестігі жоқ. Мәселен, сахаба әрі билеуші әкім болған Амр бин Астың есімі өзі тұрғызған мешітке берілген. Меккедегі Харам аумағымен шектесіп тұрған мешіт Айша (р.а.) анамыздың есімімен аталады. Сол секілді, «Әзірет Сұлтан» мешітіне Ислам әлемінің ғұламасы  Қожа Ахмет Яссауи есімі берілген. Сондай-ақ «Науан Хазрет», «Марал ишан», «Садуақас қажы Ғылмани» мешіттері де кездеседі.

Әдетте, мұндай үрдіс ғалымдар мен көсемдердің, тарихи қайраткерлердің есімін тарихта қалдыру мақсатымен, сондай-ақ, елге ғибрат үшін жасалады. Сонымен бірге, мешітпен белгілі тұлғаның тарихи байланысы болғандықтан да қойылады. Ең бастысы, ниет түзу болуы қажет.

Ал, мақтану немесе рия үшін болса, рұқсат етілмейді.

Пікірлер Кіру