Жүктілік өміріме қатер төндірсе, не істеуім керек?

30 шілде 2021 8115 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Мен жүктімін. Құрсағымда алты айлық балам бар. Кезекті медициналық тескеру барысында дәрігерлер жүктілік менің өміріме қатер төндіріп тұрғанын, жақын арада аборт жасау керектігін айтты. Әйтпеген жағдайда, мен жүктіліктің соңына дейін немесе баланы босату кезінде көз жұматынымды ескертті. Мен не істеуім керек?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Барлық фиқһ ғалымдары бірауыздан құрсақтағы бала 120 (4 ай) күнге жетсе, түсік жасауға қатаң тыйым салған. 120 күн – құрсақтағы шаранаға жан кіретін мерзім. Мұндай жағдайда аборт жасату қатаң түрде тыйым салынады. Себебі, бұл адамды жазықсыз өлтіру боп табылады. Құран Кәрімде: «... кедейліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерге де, оларға да Біз ризық береміз[1]» және «Әрі заңды түрде болмаса, Алла тыйым салған жанды өлтірмеңдер...[2]», – деп баяндалған.

Ал, құрсақтағы 120 күнге жетпеген шарананы түсік жасату үкімінде фиқһ ғалымдары екі түрлі пәтуа айтады. Малики мәзһабы – түбегейлі харам десе, Шафиғи мәзһабы мәкрух деп тұжырымдайды. Ал, барлық ғалымдар бірауыздан мақұлдаған пәтуа: «Шаранаға жан бітсе де, бітпесе де шариғи зәрулік жағдайынан басқа кезде түсік жасату – харам. Шариғи зәрулік: аса тәжірибелі дәрігерлер кеңесі бойынша шарананың құрсақта қалуы ананың денсаулығына күрделі зиян тигізеді немесе өміріне қауіп төндіреді деп шешім қабылдаса, шарананың өмірінен ананың денсаулығы мен өмірі маңызды болғандықтан түсік жасалады[3]».   

 


[1] «Әнғам» сүресі, 151-аят
[2] «Исра» сүресі, 33-аят
[3] Ислам Әлемі қауымдастығы жанындағы Ислам Фиқһ академиясы, www.dar-alifta.org

Пікірлер Кіру