Ораза кезінде әйелін сүюіне болады ма?

26 сәуір 2021 14386 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Сіздерден сұрараым, Рамазан кезінде аузы берік бола тұра әйелін құшақтап сүюге, аймалауға болады ма?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Ораза кезінде әйелін сүюге рұқсат. Бірақ әйелінің сілекейі тамаққа кетпеуі тиіс және бұл жақындасуға дейін апармауы керек.  

Имам Хаскафи Дуррул әл-Мухтар кітабында: «Егер адам өзіне сенімсіз болса сүю, ұстау, құшақтау және аймалау мәкруһ болып табылады. Ал егер өзін ұстай алса ешнәрсе емес», –деген. Хадисте Омар (р.а.): «Бір күні қуанып келіп әйелімді сүйіп қойдым. Ол күні ораза едім. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Бүгін ауыр күнә істедім. Ораза болсам да әйелімді сүйіп қойдым», – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Егер оразада ауызыңды шайсаң не болады?» – деп сұрады. Мен: «Ештеңе болмайды», – деп жауап қаттым. Сонда ол: «Дәл сол секілді бұл жағдайда да ораза бұзылмайды»,[1] – деді.  

Осы хадиске орай сүю оразаны бұзбайды. Ал егер де сол уақытта шаһуатпен ұрық шықса оразасы бұзылып, сол күннің қазасын өтейді. Оразада, әсіресе, жастарға әйелін сүймегені жөн болады. Өйткені сүю жақындасуға алып барады. 

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ораза кезінде сүйіп, құшақтайтын еді. Ол сендерге қарағанда өзінің нәпсісін қатты ұстайтын еді»,[2] – деген.   

fatua.kz


[1] Имам Ахмад.
[2] Бұхари.

Пікірлер Кіру