Құбылаға теріс отыруға бола ма?

18 ақпан 2021 7424 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Мешіт ішінде құбылаға тарапқа теріс отыруға бола ма?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Мешіт ішінде құбылаға қарап отыру – мұстахап амал. Ал, оған мүмкіндік болмаса, кез келген тарапқа қарап отыруға болады. Тек құбылаға арқа тұсымен отырмағаны жөн.

Өйткені, бұл – құп саналған отырысқа теріс. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Расында, әр нәрсенің төресі бар. Мәжілістің төресі – құбылаға қарап отыру[1]», – делінген.

Ибн Масғұд (р.а.) мешітте құбылаға арқа тұсын сүйеп отырған адамдарды көргенде, оларға: «Періштелер мен намаздарыңның арасына тұрып алмаңдар[2]», – деген екен.

Әрине, сахаба Абдулла бин Масғұд (р.а.) мұны Алла елшісінің (с.ғ.с.) тәлімінен көріп-біліп айтып тұрғаны мәлім.


[1] Табарани.
[2] Табарани.

Руслан Камбаров

Пікірлер Кіру