ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚАЖЫМҰҚАН» ФИЛЬМІНІҢ СЕАНСЫНА БАРДЫ (ФОТО)

23 қазан 2024 217 0
Оқу режимі

Бүгін Республика күні мерекесі қарсаңында Астана қаласы Жастар ісі секторының мұрындық болуымен «Қажымұқан» тарихи көркем фильміне сеанс ұйымдастырылды.

Шараға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ Жастар ісі секторының жетекшісі Бағыжан Күзекбай, Жастар ісі секторының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Рахымжан Жолдас және басқа да мешіттің белсенді жастары қатысты.

Жастар қауымы Алла берген туа бітті қабілетін, өнері мен өмірін өз елі үшін сарп еткен бабамыздың сара жолына тағы бір куә болды. Көрермен көркем фильмнен мол ғибрат алып, ұлт перзентінің ұмытылмас өнегелі істерін еске түсірді. 

10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатқан «Qajymuqan» фильмі режиссер Қанағат Мұстафин тарапынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Айта кетсек, Қажымұқан Мұнайтпасов - француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Осы сеансты ұйымдастыруда өз ықыластары мен қолдауын көрсеткен «Рахымқызы Раиса ана» мешітіне алғыс білдіреміз!

Пікірлер Кіру