XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ЖӘНЕ МӘНЕРЛЕП ОҚУ ЖАРЫСЫНА ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ 

24 маусым 2026 86 0
Оқу режимі

Бүгін елордадағы Ақмешіт мешітінде XV республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысына іріктеу рәсіміне жеребе тартылды. Жеребе тарту рәсімінде байқауды әділқазылар алқасының мүшесі Жұманазар қари Садырханов  қариларға жарыс шарттары мен ережесін қосымша ескертіп өтті. Әзірет Сұлтан мешітінде бір күнге жалғасатын жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 70-ке жуық үміткер қатысады деп күтілуде.

Үміткерлер Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. Бүгінгі жеребе тарту рәсімі барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды. Айта кетейік жеңімпаз қари 500 мың теңгені иемденсе, жарыстың жалпы жүлде қоры екі миллион теңгеден асады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру