«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН – ҚҰРАН АЙЫ» САЙЫСЫ ӨТТІ

19 наурыз 2026 13 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігінің Діни оқу-ағарту бағыты Құран секторының ұйымдастыруымен «Рамазан – Құран айы» тақырыбында шәкірттераралық Құран сайысы өтті.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде өткен бұл бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Рамазан айында Құранға ерекше мән беру жөніндегі тапсырма аясында жүзеге асырылды.

Сайыс барысында қатысушылар алдын ала дайындалған билеттерді таңдау арқылы мінберге шығып, Құран бойынша білімдерін ортаға салды.

Әділқазылар алқасының құрамында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік Ахмет, Астана қаласы өкілдігі бойынша Құран секторына жауапты «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ерсайын Қабылқанұлы және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Тимур Рахметоллаұлы болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру