«РАИСА АНА»: ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО)
15 наурыз 2025
96
0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің Жастар ісі секторы Рамазан айының құрметіне ауызашар дастарханын жайды.
Рухани кешке мешіт жамағаты мен жастары, қала тұрғындары қатысып, Рамазан айының берекесі мен бірлігін сезінді. Жиналған жамағат ауызашар кезінде рухани сұхбат тыңдап, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шара барысында мешіт имамдары мен ұстаздары Рамазан айының қадірі мен маңыздылығы туралы насихат айтып, жамағатты ауызбіршілік пен қайырымдылыққа шақырды. Кеш соңында арнайы бата жасалып, көпшілік елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға етті.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру