ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

22 қазан 2026 98 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы Нұр-Сұлтан мешітінде «Қазақ хандығы дәуіріндегі Ислам өркениеті» республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.  

Сондай-ақ конференцияда Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Бақытжанұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Жомарт Жеңіс, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбесұлы және ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төрәлі Қыдыр баяндама жасады.

Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақ хандығы дәуіріндегі ислам өркениетінің қалыптасуы мен дамуын, қазақ даласындағы діни-рухани мұраның тарихи негіздерін ғылыми тұрғыдан зерделеу. Сондай-ақ ислам дінінің қазақ қоғамының мәдениеті, дәстүрі, руханияты мен қоғамдық санасының қалыптасуына ықпалын кеңінен талқылау.

Конференция барысында осы тарихи сабақтастықтың түрлі қырлары ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Атап айтқанда, Дешті-Қыпшақ даласында ислам дінінің таралуы, Қазақ хандығы дәуірінің ерекшеліктері, ислам әлемінің хандықтың сыртқы саясатындағы орны, қазақ қауымының түркі-мұсылмандық дәстүрлері мен мұрасы, сондай-ақ сол кезеңдегі діни-дидактикалық жазба жәдігерлердің ерекшеліктері сөз болды. 














​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру