ҚАРИЛАРҒА АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ АТЫНАН ҚОНАҚАСЫ БЕРІЛДІ

24 маусым 2026 130 0
Оқу режимі

Бүгін жеребе тарту рәсімінен кейін Астана қаласы өкілдігі атынан XV республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысына іріктеу рәсіміне келген қариларға арнайы қонақасы берілді. Асқа арнайы Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы қатысып қариларға ілтипатын жеткізді. 

«Ең алдымен, баршаңызға осы игі шараға атсалысып, қасиетті Құранға деген құрметтеріңізді танытып келгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Құран жарысы – жай ғана бәсеке емес. Бұл – Алланың кәләмін ардақтаған жандардың басын қосатын рухани мереке. Сондықтан бүгінгі жеребе тарту рәсімі де ертеңгі сайыстың әділ әрі жүйелі өтуінің маңызды бір бөлігі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің араларыңда ең жақсыларың Құран оқып, әрі оны өзгеге үйреткендерің», - деген. Осы ретте Құранға қызмет етіп, оны тарату жолында жүрген өздеріңізге Алланың берекеті болсын. Ертеңгі іріктеу жарысы жоғары деңгейде өтуіне тілектеспін» деді бас имам. 

Айта кетейік Ақмешіт мешітінде өткен қонақасына жарысқа келген 70-ке жуық қари, қолдауға келген ата-аналары да келді. Өз кезегінде жарысты ұйымдастырушы өкілдікке ризашылығын білдіріп, қариларға жасалып жатқан ерекше жағдайды атап өтті. Еске салайық бейсенбі күні елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінде таңғы сағат 9-00 ден бастап XV республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысына іріктеу жарысы басталады. Байқау кешкі ақшам намазына дейін жалғасады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру