Қала бас имамы елорданың дін қызметкерлерімен танысты

25 мамыр 2026 116 0
Оқу режимі

Жуырда тағайындалған Астана қаласының бас имамы Нұрбек Әуесханұлының төрағалығымен жиын өтті.

Басқосуда мешіт ұжымының алдағы жұмысы мен бірқатар маңызды бағыттар сөз болып, жаңа қызметке тағайындалған бас имам қызметкерлермен танысты.

Жылы әрі тағылымды жүздесу барысында Нұрбек Әуесханұлы ұжым мүшелерімен емен-жарқын пікір алмасып, елорда мешіттерінің рухани-ағартушылық қызметін одан әрі жандандырудың маңызын атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру