«МҮФТИЯТ» БАСПАСЫНАН ОТБАСЫЛЫҚ КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

22 қаңтар 2025 54 0
Оқу режимі

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Бала – біздің айнамыз. Оған қандай тәрбие берсек, ертең-ақ жемісін көреміз. Бүгінде «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптарға сұраныстың артып келе жатқаны қуантады. Осы орайда «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында балаларға арналған «Менің сүйікті отбасым» кітабын шығарамыз. Сондай-ақ біз үшін әр отбасының бақытты болуы маңызды. Сол себепті «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Мүфтият» баспасы «Отбасы бақыты» еңбегін оқырманға ұсынады» деп атап өтті Бас мүфти.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру