БАС МҮФТИ ӘЛЕМДІК ПӘТУА КЕҢЕСІНІҢ ІІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

15 желтоқсан 2025 109 0
Оқу режимі

Бүгін Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында Әлемдегі пәтуа шығаратын мекемелер мен органдардың Бас хатшылығы Атқарушы кеңесінің ІІ отырысы өтті.

Аталған жиынға кеңестің тұрақты мүшесі ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, халықаралық деңгейде пәтуа саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Жиынға сондай-ақ Атқарушы кеңестің өзге де мүшелері – Оман Сұлтандығы Пәтуа кеңсесінің Бас хатшысы Ахмад бин Хамад әл-Сияби, Чад Республикасының Бас мүфтиі Ахмад ан-Нур Мұхаммед әл-Хилу, Мұсылман қауымдары дүниежүзілік кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед әл-Бишари, сондай-ақ Әлемдегі пәтуа мекемелері мен органдары Бас хатшылығының Бас хатшысы Ибраһим Ибраһим Махмуд Нажм қатысты.

Отырысты Мысыр Араб Республикасының Бас мүфтиі, Әлемдегі пәтуа мекемелері мен органдары Бас хатшылығы Жоғары кеңесінің төрағасы, профессор Назир Мұхаммед Аяд жүргізді. Жиын барысында Бас хатшылықтың өткен кезеңдегі қызметі сараланып, алдағы жұмыс жоспарлары, сондай-ақ пәтуа қызметін заманауи талаптарға сай цифрлық кеңістіктегі пәтуа беру мәселелерін дамыту қаралды.

Айта кетейік, аталған Атқарушы кеңес отырысы пәтуа институттарының өзара ынтымақтастығын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және діни-құқықтық мәселелерді бірлесіп зерделеуге бағытталған маңызды халықаралық алаң болып саналады.







 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру