«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАЖЫ АТАЛАР ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ (ФОТО)

26 шілде 2024 612 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде өкілдікке қарасты «Аталар мектебі» клубының мүшесі, мешіттің құрметті ақсақалы Нұрғали қажы Құдайқұлов қасиетті сапар қажылыққа аман-есен барып келуіне орай мешіт ұжымы мен ақсақалдарына дастархан жайды.

Игі шараның тізгінін ұстаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, «Дін мен дәстүр» және «Ізгі қоғам» бағытына жауапты маман Омар Салимбеков бүгінгі жиынға мұрындық болып отырған Нұрғали қажы атаға және басқа да қатысушы ақсақалдарға алғысын жеткізе отырып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Садырхановқа сөз кезегін ұсынды.

Жұманазар Өсерханұлы бүгінгі жиынға себеп болып отырған көнекөз қарияларға мешіт ұжымы атынан ризашылығын жеткізе отырып, жұртымызға тыныштық, қарияларымызға амандық тіледі.

Пікірлер Кіру