«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ МЕН ТҮРКИЯЛЫҚ ҰЙЫМ БІРЛЕСІП ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ (ФОТО)

13 наурыз 2026 55 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Түркия Республикасынан келген TİKA ұйымы бірлесіп қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында 100 отбасыға және еліміздегі бірқатар қоғамдық қорларға «Рамазан сыйы» үлестірілді. Қайырымдылық көмектің нәтижесінде жалпы саны 400 адам қамтылып, оларға қажетті азық-түлік пен тұрмыстық қажеттіліктер ұсынылды.

Рамазан айының рухани маңызы мен сауапты істердің арта түсетін кезеңін негізге алған бұл шараның басты мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру