АСТАНАДА РАНТ МҮШЕСІ ДІНИ-АҒАРТУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗДІ

23 қараша 2026 103 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Мақсат Жұмажановтың қатысуымен діни-ағарту бағытындағы кездесулер өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Мақсат Жұмажанов елордада болған екі күндік сапары барысында мешіт жамағатымен, діни білім алып жүрген шәкірттермен және дін қызметкерлерімен кездесіп, түрлі тақырыптарда уағыз-насихат жүргізді.

Кездесу барысында діни қызметтің маңызы, уағыз-насихат жүргізу әдебі мен дін қызметкерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелері қамтылды.

Сонымен қатар елорда мешіттерінде жамағатпен кездесулер өткізіліп, ислам құндылықтары, мұсылманның көркем мінезі, діни сауаттылық пен рухани тәрбие тақырыптарында уағыз-насихат айтылды.

РАНТ мүшесі медресе шәкірттерімен де жүздесіп, білім алудың артықшылығы, ұстазға құрмет, ізденіс пен ізгі амалдардың маңызы жөнінде ой бөлісті.

Сондай-ақ РАНТ мүшесі Діни оңалту бағытының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Рақымқазы Қабдысалыммен бірге ҚАЖ департаментіне қарасты №03 мекемесінде болып, ондағы азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесулер аясында дін мен дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары, жастар тәрбиесі және қоғамдағы рухани тұрақтылық мәселелеріне де назар аударылды.

Мақсат Жұмажановтың елордадағы діни-ағарту кездесулері барысында діни білім мен сауаттылықты арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, отбасы тәрбиесі, жастардың рухани дамуы және мұсылман әдебі мәселелері кеңінен қамтылды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру