Астана Дін істері басқармасының басшысы қала бас имамын құттықтады

25 мамыр 2026 182 0
Оқу режимі

Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы ат басын бұрып, Астана қаласының бас имамы болып тағайындалған Нұрбек Әуесханұлын жаңа қызметімен құттықтады.

Кездесу барысында елорданың рухани ахуалы, діни тұрақтылықты нығайту, жастар тәрбиесі және дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу бағытындағы ортақ жұмыстар сөз болды.

Сондай-ақ елорда имамдары мен Астана қаласы Дін істері басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен рухани-ағартушылық жобаларды жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.

Қайролла Дүйсешұлы Нұрбек Әуесханұлына жауапты қызметте табыс тілеп, ел игілігі жолындағы жұмысына сәттілік білдірді. Өз кезегінде қала бас имамы көрсетілген ықылас пен қолдау үшін алғысын айтып, қоғам бірлігі мен рухани құндылықтарды насихаттау жолындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру