«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ АЙЫНА ОРАЙ БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

06 қыркүйек 2024 305 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әлжан Ана» мешітінің жамағатына уағыз дастарханы жайылып, құлшылық үйінің бас имамы, АТТ насихат тобының мүшесі Мұратбек Қыстаубаев жамағатқа Мәуліт айының қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат жасады.

Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен сыр шертіліп, жамағаттың ауызбіршілігі, қоғам тұтастығы мен тыныштығы, ұрпақ тәрибесі сынды жан-жақты әрі өзекті тақырыптар уағыз кешінің арқауына айналды.

Жәннат бақшаларынан болған берекелі жиыннан мол рухани азық алған жамағат артынша көкейлерінде жүрген діни мәселелерге қатысты сұрақтарын жолдап, оған тұщымды жауаптар алды.

Пікірлер Кіру