«AL-FATTAH» МЕШІТІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АУЫЗАШАР КЕШІН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

13 наурыз 2025 209 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Al-Fattah» мешітінің ұйымдастыруымен елордадағы «Mereke Hall» мейрамханасында қоғамдық ұйымдарға «Қош келдің, Рамазан» атты мерекелік ауызашар берілді. 

Ауызашарға «Жаснұр» есту қабілетінен айырылғандар қауымдастығы, көру қабілетінен айырылғандар қауымдастығы, қарттар үйі, көп балалы және мұқтаж отбасылар сондай-ақ С. Нәрікбаев атындағы қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттері қатысты. 

Рухани кеште қатысушыларға уағыз-насихат жасалып, домбырадан күй күмбірлеп, дәстүрлі әндер айтылды. Іс-шара мұнымен шектеліп қалған жоқ. Келуші қонақтарға сый-сыяпаттар табысталып, ұйымдастырушылар барлығына көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сыйлады. 

Берекелі жиын соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, бата жасалды. Ақ жаулықты аналарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, мешіт қызметкерлеріне ақжарма тілектерін жаудырып жатты. 

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру