ЗЕКЕТТІҢ ХИКМЕТТЕРІ

26 шілде 2024 1441 0
Оқу режимі

 Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жер мен теңізде мал, текқана зекет бермеудің кесірінен құриды». (Суюти, «әл-Жәмиғ ус-Сағир»)

Зекет Ислам шарттарының бірі. Хадис шәріпте: «Малдарыңды зекетпен қорғаңдар, дерттеріңді садақамен емдеңдер. Пәлекет толқынын дұға және жалбарынумен қайтарыңдар» - деген. Демек зекеттің арқасында байлық қорғалады. Садақалар материалдық және рухани дерттерге ем болады. Зекет пен садақа бергендердің малдарында, жандарында нұр, саулық пен берекет әсері байқалады. Сонымен қатар Алла Тағаланың ризалығына қауышып рухани көп сыяпатқа да ие болады әрі рухани қауіптерден аман қалады.

Зекеттің түрлі пайдалары бар. Мал құмарлығы адамның жүрегін түрлі жамандықтарға итермелейді. Зекеттің арқасында жүректің осы қауіпінің алды алынып, нәпсі сараңдықтан тазарып, адамда мейірімділік, қайырымдылық сияқты құнды сезімдер оянады. 

Зекет қоғамның тыныштығына, кеңшілігіне себеп. Зекетін берген бай мұқтаж жандардың қажетіне жарағандықтан олардың махаббатына кенеліп, дұғасын алады. 

Сонымен қатар зекет беру мықты сенімнің нышаны. Жеке мүлігінен тек Алла ризалығы үшін зекет берген, қайтарымын күтпеген адам басқасының мүлігіне көз тікпейді. Басқаға зияны тимейді.

Зекет рақмет айту міндеті. Зекет берген мұсылман былай ойлайды: «Осы байлығым Алланың сыйы. Мықты, күшті, білімді қаншама адамда мұндай байлық жоқ. Демек Алла Тағаланың осы сыйының рақметін айтуым керек». Міне осы рақмет айту зекет беру арқылы болады. 

Бірі ие болған байлығына айналасындағы қоғамның да үлесі бар екенін ойлау керек. Егер ондай қоғамда өмір сүрмегенде мұндай байлыққа кенелер ме еді. Қоғам да бір нығмет. Бұл нығметтің шүкірі де зекет беру арқылы болады.

 

Пікірлер Кіру