"ТАЯҚҚА СҮЙЕНБЕ"

10 қаңтар 2024 1810 0
Оқу режимі

Қайраты қайтып, жүрісі ауырлаған қарт адамдар беліне таяныш ретінде таяққа сүйенеді, мұның жөні бөлек.

Ал "Талдан таяқ жас бала таянбайды..." деп халық әнінде айтқандай, жастар таяқ таянбайды. Себебі адам өмірден өткенде оның ет-жақындары белдеріне ақ байлап, үлкен-кіші демей, барлығы таяққа сүйеніп далада тұрады.

Бұл - қаралы да ауыр көрініс. Сырттан келгендер "кім, қайда" деп абдырамай бірден таяқ ұстап тұрғандармен көрісіп, көңіл айтады. Содан кейін ғана үйге кіреді. Күні бойы келген елді қабылдап, жылап-сықтап тұру кімге болса да жеңіл емес.

Қанша қиын дегенмен өлімге көрсетіліп жатқан құрметтің, артын күтудің бұл да бір ұлтымызға тән өзіндік салты. Әне, сол кезде таяқ адамдарға кәдімгідей сүйеу, тіреу қызметін атқарады.

Ал күнделікті қарапайым тұрмыста себепсіз таяқ таяну жаман ырым саналады.

 

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

 

Пікірлер Кіру