ШӘКӘРІМ АЙТЫПТЫ...
19 наурыз 2024
1412
0
Оқу режимі
Бейiс, дозақ молда айтқан сияқты емес,
Ақылды адам оны анық сондай демес.
Құрсақтағы балаға осы өмiрдi
Ұқтыр десе, айтар ең қандай кеңес?
Сол сияқты мысал ғой ұқтыруға,
Дәл осындай қыз құшып, жемiс жемес.
Бiрақ қатты қуаныш не кейiс бар,
Дәлелiм – ұждан, зұлым бар тетелес.
Сондықтан бiр тексеру болмай қоймас,
Мұнымды әдiлетпен ойла да шеш.
Егер Құдай барлығы анық болса,
Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес.
Бұл сөзге күндей ашық дәлелiм көп,
Не дiнмен, не ақылмен қылсаң да егес.
Соқыр ойлы, өзiмшiл бiр езуге
Қанша ғылым бiлсе де кiре алмайды ес! (Шәкәрім)
Пікірлер
Кіру