Сағатсыз намаз уақытын анықтау тәсілі

02 қыркүйек 2019 7842 0
Оқу режимі

Бұл мақала сіздерге сағатсыз қалған кезіңізде кешкі намаз уақыттарын анықтауға септігін тигізеді. Қас қарайып, күн көкжиекке батуына қанша уақыт қалғанын біле алсаңыз, ақшам мен құптан намазын қапы жібермейтініңіз анық. Сіз жорықта жүрсіз ба, әлде табиғат аясында демалып жүрсіз бе,  ол маңызды емес. Ең бастысы – осы тәсілді ұмытпасаңыз болғаны. Ол үшін тек саусақтарыңыз сау тұрса жеткілікті.

Сонымен, істеу керек болған нәрсе: қолыңызды алға созғанда күн сұқ саусағыңыздың үстінде жатқандай кейіпте болуы керек. Енді көкжиекке дейін саусақтардың санын санаймыз. Егер сіздің саусақтарыңыздың жуандығы орташа деңгейде болса, онда жуық шамамен күн батуға дейін  әрбір саусақтарыңыз 15 минутқа тең болады.

Саусақтарының өлшемі ерекше болған адамдар үшін берер кеңесіміз. Бір саусағыңыздың деңгейінде күннің төмен түсу уақытын белгілеп тәжірибе жасап көріңіз.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру