Құрсағыңызда бала болса…

31 қаңтар 2019 11701 0
Оқу режимі

Бала сүю – Алланың әйел адамдарға берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Бала бойға біткеннен тоғыз айға дейінгі кезең – әрі жағымды, әрі қиын, әрі жауапкершілігі мол маңызды кезең. Егер әйел бұл кезде шетелдік сериалдарды көп көрсе бала жеңілтек болып өседі, егер екі сағат бойы телефонмен бос әңгіме айтса, бала да өскенде өсекке құмар болады, т.с.с. Себебі, сәби жатырда жатып-ақ бәрін естиді, бәрін сезеді.

Міне, сондықтан дені сау, ақылды, елдің азаматы, Алланың ізгі құлдарының бірі болар ұрпақты өмірге әкелгіңіз келсе келесі айтылғандарды орындаңыз:

1. АЛЛАҒА ШҮКІРШІЛІК ЕТІҢІЗ.

Кейбір әйелдер «дәл қазір туғым келмеп еді», «енді қалай асыраймыз?» деп жағдайын ойлап қиналып жатады. Әр адамның ризық-несібесін Алланың өзі береді. Сондықтан Алланың бұл сыйына рақмет айтыңыз. Бір балаға зар болып жүргендер қаншама, ойлап көріңізші…

2. САБЫРЛЫЛЫҚ ТАНЫТЫҢЫЗ.

Әрине, аяғы ауыр келіншек физикалық та, психологиялық та қиыншылықтарға кезігеді. Алайда, сабырлылық танытып, тәубе етіңіз.

3. ҚҰРАН ОҚЫҢЫЗ.

Құран оқу немесе тыңдау ананың да, баланың да денсаулығына өте пайдалы, әрі рухани дамуына да жақсы әсер етеді.

4. ДҰҒА ЕТІҢІЗ.

Алладан дені сау, иманды әрі саналы ұрпақ тілеп мына дұғаны оқыңыз: «Бір кездері Имранның әйелі: «Уа, Раббым! Шынында, сен құрсағымдағы баламды (дүниелік істерден) толық азат етіп, бір Өзіңе (яғни, Өзіңнің жолыңа) басы бүтін атайтындығыма серт бердім! (Осы нәзірімді) менен қабылеткейсің! Шүбәсіз, Сен бәрін естуші әрі бәрін білетін шексіз ілім иесісің», – деп мінәжат еткен еді»[1].

5. ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАҢЫЗ.

Дұрыс тамақтанып (көкөніс пен жеміс-жидектерді көп жеп, газдалған сусындарды, кофе мен қою шай ішпеңіз!), уақытылы тынығумен қатар, дәрігердің айтқандарын орындау да өзіңіздің де, балаңыздың да денсаулығының жақсы болуына әсер етеді.

6. КӨБІРЕК ҚИМЫЛДАҢЫЗ.

«Маған көп қимылдауға болмайды» деп жатып алған дұрыс емес (егер «угроза» болмаса). Таза ауада көбірек серуендеп, үй шаруасын да әдеттегідей атқарып жиірек қимылдаған пайдалырақ (бұрынғыдай отын, су тасып, кірді қолмен жуып, қазанға от жағып, тандырға нан жабатын әйелдер кемде-кем шығар).

7. ШАШ БОЯМАҢЫЗ.

Шаш бояуларында адам денсаулығына зиянды химиялық заттар көп. Сондықтан (тым болмаса) жүктілік кезінде балаға зияны тимеу үшін шашты боямаған дұрыс.

[1] «Әли Имран» сүресі, 35-аят

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру