ҚАЗАҚТЫҢ «БҰЛА-НАЗ»-Ы

14 қараша 2024 687 0
Оқу режимі

«Бұла-наз» сөзі қазақ тіліндегі «бұла» және «наз» деген екі компоненттен тұрады.

Бұла — еркін, ерке, қақпайсыз, бейнет көрмей еш шектеусіз, тәбиғи өз бетімен өскен адамды “ Бұла” немесе “Бұла адам” дейді.

Наз — әдетте, сұлу, нәзік, ерке, сүйкімді, жағымды көңіл-күйде жүрген қызды не әйел адамды “наз” немесе “назды қыз” деп атайды. Осы екі сөздің қатар қосылуы нәтижесінде «бұла-наз» сөзі «ерке, нәзік, мейірімді, әрі көңіл күй» деген мағынаға әдемі жеңіл мағына береді.

Сөздіктегі ұғымы

Сөздікте «бұла-наз» ұғымы келесідей сипатталады:

Бұла-наз — еркін, шектеусіз, өмірдің қуаныштарын сезінетін, жан-жақты дамыған, бақытты адам. Оның табиғатында еркелік, нәзіктік, мейірімділік, басқа да сезімдік әсерлер бар.

Бұл сөз мәдениетте, өнерде, әдебиетте, әсіресе, махаббат, сезім, романтика және адамгершілік туралы әңгімелерде жиі кездеседі. Бұла-наз адамның бойындағы ерекше қасиеттері мен адамгершілік құндылықтарының көрнісі болып табыллады.

Бұла — ерке мінез

Бұла — адам санасындағы еркіндік, мінезіндегі еркелік, әрекетіндегі шектеусіздік, бойындағы бостандық белгісі “бұла мінез” деп аталады. Бұла адамдар әлеуметтік ережелерді, дәстүрлік талаптарды орындаудан қашып, еркін өмір сүрген, адамдарды жұрт “бұла тұлға” деп таниды.

Жанұялық тәрбиенің әсері

Бұла — отбасындағы тәрбиенің нәтижесі. Отбасында балаларға еркіндік беру, олардың өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік беру — бұла тәрбиесінің негізін қалайды. Мұндай отбасында бала тәрбиелену барысында, шектеулер мен ережелердің орындалмауы, балалардың ерке және еркін болып өсуіне жағдай жасайды. Бірақ орынсыз еркелік ессіздікке, ессіздік орға жығуға әкеледі. Есті ерке-ел үшін еңбек етеді, ессіз ерке - ен далаға кетеді. Есті адам десті көрінеді, ессіз адам кемді көрінеді.

Табиғаттағы бұлалық

Бұла термині — мал шаруашылығында да қолданылып, малдың еркін және табиғи жағдайда өсіп-өнуін білдіреді. Жүген-құрық тимей, өздігінен жайылып, табиғи жағдайда өмір сүрген мал “бұла” не “бұла мал” деп аталады. Бұл малдың денсаулығы, күш-қуаты, әрі табиғи мінез-құлқын сақтаған мал ретінде қаралады.

Қоғамдағы бұлалық

Қоғамда “бұла” адамдардың болуы — олардың қоғамдық құрылымға, әлеуметтік тәртіптерге , дәстүрлерге қатысты көзқарастарын білдіреді. Бұла адамдар өз көзқарастарын еркін білдіріп, қоғамдағы стереотиптер мен дәстүрлерді сынға алуы мүмкін. Олар қоғамның дамуында, жаңашылдыққа ұмтылуда, өзгерістердің алғышартын жасауда маңызды рөл атқарады. Оны қазақ “ ел еркесі” не “бұласы” деп атайды.

Бұла — мәдениеттің символы

Бұла мәдениетте еркіндіктің, шектеусіздіктің символы ретінде қарастырылады. Қазақ халқының мәдениетінде еркін, шектеусіз өмір сүрген адамға, оның қасиеттеріне ерекше мән беріледі. Бұла — қазақ халқының табиғатпен, қоғаммен, өзін-өзі тануымен тығыз байланысты. Ол еркіндік, тәуелсіздік, және табиғи өмір сүру тәсілдерін көрсетеді, сол арқылы адамгершілік және мәдениет құндылықтарын бейнелейді.

 

Болат БОПАЙҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру