ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖЫЛҚЫ

22 мамыр 2024 2523 0
Оқу режимі

ЖЫЛҚЫНЫҢ АТАУЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Қазақ халқы - жер бетінде ең алғаш атты қолға үйретіп, тұрмысқа қолдана білген ұлы халық. Сондықтан қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде аттың алар орны ең жорғары мәдениетке ие деуге болады.

Жылқы – қазақ дәстүрінде төрт түліктің төресі, ер азаматтың қанаты, сарбаздардың серігі, ел-жұрттың байлығы, ұзын жолдың көлігі, той-думанның сәні, қонақасының ең дәмді дәмі, алым-берімнің ең биік сыйлығы саналады.

Жылқы – күллі түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігінде ең жоғары, маңызды  қызмет атқарған үй хайуанаты санатына жатады. Соның ішінде қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени дәстүр өте ертеде қалыптасқан. Қазақ аңыз ертегілерінде адам мен жылқы қатар өмір сүргені жайында кереметтей аңыздар айтылады. Бағзы дәуірлерде-ақ, қазақ жерінде жылқының қолға ең алғаш үйретілгіені  жайында археологиялық қазабадан шыққан құнды  қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстан жеріндегі Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4 – 3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта ғасыр қола дәуірінде  (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақтар, ғұндар кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсететінін дүние ғалымдары талмай айтып, жаңылмай жазып, әлем жаңалықтарында үзбей дәлелдеп келеді.

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ ҰҒЫМЫНДА:

Жылқы - мәдениет!

Жылқы - дәстүр!

Жылқы - өнер!

Жылқы - сауда!

Жылқы - ас-ауқат!

Жылқы - киім-кешек!

Жылқы - экономика!

Жылқы - қазына!

Жылқы - тарих!

Жылқы - рух!

Жылқы - эстетика!

Жылқы - спорт!

Жылқы - сый-сияпат!

Жылқы - тек пен мінез!

Жылқы - ұлттық дүние таным!

Жылқы - ұлттық шаруашылық!

Жылқы - шикізат!

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АТ МІНУ МӘДЕНИЕТІ:

Ат міну - ерліктің көрнісі.

Ат міну - жауынгерліктің көрнісі.

Ат міну - батырлық көрнісі.

Ат міну - сәндік белгісі.

Ат міну - айбынды асыру.

Ат мінгізу - сый жасаудың төресі.

Ат міну - азамат болудың белгісі.

Ат міну - өнерлі болудың жолы.

Ат міну - мәдениет белгісі.

Ат міну - дәстүр, жол-жорплғы.

Ат міну - спрот.

Ат міну - мәтебе.

Ат міну - үстемдік.

Ат міну - киім үлгісін қалыптастырды.

Ат міну - сақ сарбаздарын жауынгерлік руққа баулыды.

Ат міну - түтас көшпендірлер өмірін мәдениет жолына салды.

Ат міну - сарбаздардың бес қаруын қалыптастырды.

Ат міну - ұлы даланы жаудан қорғауға кең жол ашты.

Ат міну - ат әбзелдер жасау өнері мен мәдениетін қалыптастырды.

Ат міну - алыс қиырларды бағындыруға жол ашты.

Ат міну - ат үсті ойындарын барлыққа әкелді.

Ат міну - ат үсті сарбаздарын жарыққа шығарды.

Ат міну - ат бәйге жарысын жарыққа шығарды.

Ат міну - қазақтың қызқуар ойынын барлыққа келтірді.

Ат міну - көкпар ойыннын тудырды.

Ат міну - ат үсті аударыспақ ойнын жараты.

Ат міну - ат үсті жекпе - жекті тапты.

Ат міну - ат үстінен теңге ілу ойнын жараты.

Ат міну - атқа шалма салуды үйретті.

Ат міну - ат үстінде жамбы атуды үйретті.

Ат міну - ат үстінен табақ тартуды үйретті.

Ат міну - асау үретуге машықтандырды.

Ат міну - құдаға ат мінгізуді үйретті.

Ат. міну - алыс сапар шегуді үйретті.

Ат міну - атпен шаруашылықты басқаруды үйретті.

Ат міну - ат бегілерді , ат бапкерлерін дүниеге әкелді.

Ат міну - ат сыншыларын барлыққа келтірді.

Ат міну - қазақ халқының дәстүрлі дала өркениетін қалыптастырды.

Қазақ халқы жылқыны мінуге және сойып жеуге ғана пайдаланбаған, барлық дәстүрлі мәдениетің қажетіне орынды пайдалана білген. Одан кереметі - жылқының түрі, жасы, еркек-ұрғашысының атауларын өте жақсы білген және өте жарасымды атаулар тауып, атаған. Қазақта жылқыға қатысты сондай атаулардан жүздеген атаулар кездеседі.

 

ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ МІНГЕН ҚАС ТҰЛПАРЛАР:

Алпамыс – Байшұбар.

Қобыланды – Тайбурыл.

Ер Тарғын – Тарлан шұбар.

Қамбар батыр – Қарақасқа Бурыл.

Шора батыр – Таспакер.

Арқалық батыр – Көкжал.

Телағыс батыр – Телкүрең.

Кендебай батыр – Керқұла ат.

Құлеке батыр – Құламойын.

Делдаш батыр – Сары-алатегеш.

Әлібек батыр – Орқызыл ат.

Ханшентай – Дөнен Қара Бағыс.

Ер Тарғын – Томаға көзді қасқа азбан.

Ер Төстік – Шалқұйрық.

Байғұлан – Құл шұбар ат.

Бөгенбай батыр – Нарқызыл.

Қабанбай батыр – Қубас.

Абылай хан – Нарқызыл.

Әбілхайыр хан – Ақбоз.

Ер Жәнібек – Көкдөнен.

Олжабай батыр – Телкөк.

Райымбек батыр – Көкойнақ.

Кенесары хан – Кертайлақ, Ақтаңгер.

Наурызбай – Ақауыз, Қызылауыз.

Исатай – Ақтабан.

Махамбет – Тарлан, Кесікқұлақ.

Ағыбай батыр – Ағлақ, Көкбесті.

Жанқожа батыр – Ақмоншақ.

Балуан-Шолақ – Ақбоз.

Оспан батыр –  Ақбоз тұлпар.

Ақан сері – Маңмаңгер, Құлагер.

Абылайхан –Алаңбоз, Құлаша тұлпар.

Әбілхайыр хан – Көкойнақ.

Исатай батыр – Ақтабан.

Махамбет – Кесік құлақ.

Жанқожа батыр – Ақмоншақ.

Баязақ батыр – Кертайлақ.

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЖЫЛҚЫНЫ ТҰҚЫМЫНА ҚАРАЙ АТАУЫ:

• Арғымақ
• Сайгүлік
• Тұлпар
• Пырақ
• Дұлдұл
• Қазанат
• Жабы
• Тобышақ
• Текежәуміт
• қазақ жылқысы
• Қарабайыр ат
• Мәстек ат

 

ЖЫЛҚЫНЫ ШАБЫС АТАУЛАРЫ:

• Жүйрік
• Тұлпар
• Сәйгүлік
• Саңылақ
• Бәйге ат

 

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖОРҒА АТАУЛАРЫ:

• Жорға
• Төкпе жорға
• Айдама жорға
• Шайқалған жорға
• Қой жорға
• Су шайқалмас жорға
• Шапқыншы жорға
• Сиыр жорға
• Жәй жорға
• Майталман жорға
• Қозы жорға
• Қос аяқ жорға
• Жирек жорға
• Сыпырма жорға
• Май жоға
• Қатты жорға
• Жұмсақ жорға
• Тойпаң жорға
• Қу жорға
• Тайпаң жорға
• Майпаң жорғп
• Шалыс жроға
• Шау жорға
• Тымпың жорға
• Қылаң жорға
• Құйын жорға
• Құлан жорға
• Қас жорға
• Бұлаң жорға
• Сақ жорға
• Тәйтәй жорға
• Шал жоға
• Кемпір жорға
• Бек жорға
• Қыз жорға
• Бала жорға
• Аю жорға
• Түлкі жорға
• Талтаң жорға
• Алшаң жорға
• Орай жорға
• Сыр жорға
• Көк жорға
• Табан жорға
• Ақсақ жорға
• Том жоға
• Тоқ жорға
• Жантық жорға
• Жан жорға
• Без жорға
• Жеңіл жорға
• Ауыр жорға
• Жел борға
• Боран жорға
• Көз жорға
• Ешкі жорға
• Тірсек жорға
• Құйрық жорға
• Бел жорға

 

 ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖЕЛІС АТАУЛАР:

• Желіс
• Желісті
• Жел желіс
• Боран желіс
• Құйын желіс
• Боз желіс
• Кекірек желіс
• Шақыншы желіс
• Бүкір желіс
• Бүктеме желіс
• Көсем желіс
• Көлбей желіс
• Көркем желіс
• Бақай желіс
• Тірсек желіс
• Табан желіс
• Шаппа желіс
• Жеңіл желіс
• Ауыр желіс
• Зымыран желіс
• Төкпе желіс
• Шалыс желіс
• Қосаяқ желіс
• Бектеме желіс
• Бүкір желіс
• Жазық желіс
• Қанталау желіс
• Қара желіс
• Ақ желіс
• Бөкен желіс
• Ақ желіс
• Созба желіс
• Қоқырақ желіс
• Жатаған желіс
• Жазық бауыр желіс
• Тоқ желіс
• Аш желіс
• Табан желіс
• Бақай желіс
• Маң желіс
• Түйе желіс
• Бота желіс
• Жорға желіс
• Зорға желіс
• Мыйтың желіс
• Шабан желіс
• Шайқама желіс
• Зулдақ желіс
• Шатқаяқ желіс
• Қасқыр желіс
• Түлкі желіс
• Қоян шоқырақ желіс
• Маң желіс

 

ЖЫЛҚЫ АЯҢЫНЫҢ АТАУЛАРЫ:

• Аяң
• Аяңшыл
• Алшын аяң
• Қара аяң
• Қарым аяң
• Өгіз аяң
• Сиыр аяң
• Жыбырлақ аяң
• Жеңіл аяң
• Жесір аяң
• Тоқ аяң
• Ауыр аяң
• Бақ аяң
• Қою аяң
• Құртқа аяң
• Аю аяң
• Ұтқы аяң
• Қызыл аяң
• Сылдыр аяң
• Маң аяң
• Тар аяң
• Кең аяң
• Түйтің аяң
• Қарыш аяң
• Желе аяң
• Қызба аяң
• Қыңыр аяң
• Оқ аяң
• Сетер аяң
• Жіті аяң
• Шорқақ аяң
• Жым аяң

 

МІНІС АТТАРДЫҢ АТАУЛАРЫ:

• Жарау ат
• Тоқ ат
• Бапты ат
• Бапсыз ат
• Жол ат
• Жетек ат
• Лау ат
• Қосанжар ат
• Мініс ат
• Жетек ат
• Қосақ ат
• Түп ат
• Көсем ат деп жіктеледі.

 

АТТЫҢ ӨСУІНЕ ҚАРАЙ БЫЛАЙ АТАҒАН:

• Құлын - биенің жас төлі.
• Жабағы - 6 айдан асқан құлын.
• Тай - жылқының бір жастағысы.
• Құнан - жылқының екі жастағысы.
• Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
• Сәурік - 3-4 жастағы үйірге салынбағаны айғыры.
• Бесті - жылқының бес жастағысы.
• Алты жасар - алты жастағы ат.
• Жеті жастағы ат.
• Сегіз жастағы ат.
• Тоғызында толған ат.
• Он жасында болған ат.
• Он бір жаста ойнақы ат.
• Он екі жаста қартаң ат.
• Он үш жаста кәрі ат.
• Он төрт жаста жасамыс ат.
• Он бес жаста қана ат.
• Он алты - жирма жаста тулақ ат.

 

ЖЫЛҚЫ ТӨЛДЕРІ:

Құлын - (биенің жас төлі).
Жабағы (6 айдан асқан құлын).
Тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ұрғашы жылқы, яғни байтал.
Құнажын байтал (2 жастан асқаны).
Дөнежін шығар (3 жастағы байтал).
Дөнежін байтал (3 жастан асқаны).
Бесті бие (4 жастан асқаны).
Қасаба бие (7 – 8 жастағы бие).
Қартамыс бие (11 – 14 жастағы бие).
Жасаған бие (20 жастан асқаны қана бие), т.б. атайды.

 

АЙҒЫР АТАУЛАРЫ:

• Құлын айғыр - тұқымы жақсы, сүйек басы әдемі, пітімі том еркек құлынды пішпей айғырлыққа дайындап қоя береді. Оны -"Құлын айғыр" деп атайды.
• Жас айғыр - құнан шығар айғырды - "Жас айғыр" не "Айғыр шығар" дейді.
• Құнан айғыр - екі жасқа толған айғырды - "Құнан айғыр" деп атайды.
• Дөнен айғыр - үш жасқа толған биеге толық шаба алатын айғырды - "Құнан айғыр" дейді.
• Сәурік айғыр - үш- төрт жасқа толып, жылқыдан бөлініп, қысырақ іздеп жүретін, үйірге салынбаған қаңғы бас айғырды - "Сәуірік айғыр" деп атайды.
• Бесті айғыр - бес жасқа толған белді айғырды - "Бесті айғыр" деп атайды.
• Құр айғыр - құлын күнінен сақа айғыр болғанғана дейін еш құрық-жүген тимеген, мініліп үйретілмеген, тек үйірге ғана түсіп, бос жүрген айғырды - "Құр айғыр" деп атайды.
• Шартық айғыр - құлын күнінде бір енін алып, бір енін қалтырып шала пішкен сыңар енді айғырды - "Шартық айғыр" деп атайды.
• Азбан айғыр - алты жасқа толғанда үйірге түссе де, биеге құлын таптыра алмаған, сонда да биге шапқанын қоймаған айғырды - "Азбан айғыр" деп пішіп тастап соғымға дайындайды.
• Айғыршық. - құлын болып туғанда, тумысында сыңар ен болып туылған айғырды - "Айғыршық" дейді.
• Сақа айғыр - он-он бір жасқа толып, өз үйірін жат айғырға, ит-құсқа бермейтін айғырды - "Сақа айғыр" дейді.
• Қартаң айғыр - он үш-он бес жасқа толған тоқ айғырды - "Қартаң айғыр" дейді.
• Жасамыс. айыр - он алты-он сегіз жастан асқан жыртқыш айғырды - "Жасамыс айғыр" деп атайды.
• Кәрі айғыр - он тоғыз жастағы қақсал айғырды - "Кәрі айғыр" дейді.
• Қана айғыр -  жирма жастан асып, қартайып биеге шабуға жарамай қалғаньайғырды - "Қана айғыр" деп атаған.

 

САЯҚ АТ АТАУЛАРЫ:

• Ат - піштірілген еркек жылқы-“Бойдақ ат” дейді.

• Сақа ат - он бір -он екіге толған атты -“Сақа ат” деп атаған.

• Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік атты - “ Арда ат”  деп атаған.

• Төлтай - өз енесі мен ежені  бірдей еметін бір жасар  тайды  - “Төлтай” дейді.

• Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлін-“Қысыр емген ат” дейді.

• Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан атты - “Шобыр” не “Шобыр ат” деп атайды.

• Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген атты - “Сетер ат”, “ Сері жылқы” деп атаған.

• Пішпе - тай күнінде піштірілген жылқыны-“ Пішпе” дейді.

 

 БИЕ АТАУЛАРЫ:

• Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа  толғанын - “Бие” деп атайды.

• Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысын - “Байтал” дейді. Қазақта “ Балтал шауып бәйге алмас” деген тімсіл содан шыққан.

• Қулық бие - алғаш айғыр көріп, құлындаған жас бинені - “Қулық бие” деп атайды.

• Қашақ бие - шала қашқан бейні - “Қашақ бие” дейді.

• Ақ тандыр бие – сүт шықпайтын бие, сауғанда емшегінен бір тамшы да сүт шықпайтын биені - “Ақ тағыр бие” не “ Ақ желін бие” деп атаған.

• Көбең бие – қоңданып, тойына бастаған биені - “Көбең бие” не “ Көбік бие” дейді.

• Ақ жілік бие – құлынында енесі сауылмай, еркін емген ақ сүйек, май жңлік биені - “Ақ жілік бие” деп атайды.

• Наз бие – әсем жүрісті, көрікті жарау биені - “Наз бие” дейді.

• Қаракемік бие – енесі сауылып, жүдеу, арық , ояз биені - “қаракемік бие” не “Тулақ бие” деп атайды.

• Қара желін бие – желін безі қатып қалған сүт шықпас биені - “Қара желін бие” деп атаған.

• Құмай тұяқ бие – тұяғы жұмыр тас баспаған тасырламайтын биені - “Құмай тұяқ бие” деп атайды.

• Сары қарын бие  – 8-9 жас жасап, 5-6 құлын тапқан биені - “ Сары қарын бие” деп атаған.

• Қызыл май – күйлі семіз кезінде  мініп, суытпай жіберген бие қызылмай болып ауырып, сосын , жүні іріп, жарай қатып, жадауланып қалған биені - “Қызылмай бие” деп атаған.

• Қысырақ (бойдақ)бие – құлындамаған әр жастағы биелерді, құнажын және дөнежін байталдарды, ұрғашы тайларды бөліп, бірыңғай үйірге жіберілгендерін- “Қысырақ бие” деп атаған.

 

 БИЕНІ СҮТІНЕ ҚАРАЙ АТАУ:

• Мама бие - желіні тоқ, емшекті,емшек үрпі салалы, сүті мол , күйі жақсы биені -“ Мама бие” деп атайды.

• Қара емшек бие - емшегі қушыңқы, ешек үрпі қысқа сүті аз биені - “Қарамшек бие” не “Сүтсіз бие” дейді.

• Ақтандыр бие - желіні қушық, желін үррі бітек сүті жоқ, сүт шықпайтын қу тандыр емшек биені - “Ақтандыр бие” деп атаған.

• Исіншек бие - құлыны жақын келгенде тез иіп, құлыны емей-ақ желін үрпінен сүүті ағып, тамшылап қарадай исініп тұратын биені - “Исіншек бие” дейді.

 

 ҚЫСЫРАҚ БИЕ АТАУЛАРЫ:

• Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да, құлындамай жылда қысыр қалып жүрген биені - “Қысырақ” не “Қысырақ қулық” деп атаған.

• Тубие - үш, бес, жеті жыл құлындамай қысыр қалып, әбден қонданып, жыра салып тойынған қазылы биені - “Тубие” деп атайды.

• Ақжілік бие - құлын кезіндет енесі сауылмай тек ене сүтін бір өзі толық емген биені - “Ақжілік бие” деп атаған.

• Қаракемік бие - құлын кезінде енесінің уызы мен сүтін толық еміздей қақтап сауып алған ояздап өскен арық биені - “Қаракемік бие” деп атаған.

• Жұтам бие - нәсілі нашар, шаққан тегі жұтықсыз биені -  “Жұтам бие” децді.

 

ЖЫЛҚЫ ТҮСІ МЕН ТҮРІНІҢ АТАУЛАРЫ:

•Шабар ат
•Жиран жвлқы
•Қара ат
•Көк ат
•Қар көк жылқы
•Торы ат
•Сүр ат
•Құла ат
•Кер ат
•Қоңыр жылқы
•Сары ат
•Шубар жылқы
•Бөрте ат
•Бурыл ат
•Ала ат
•Алааяқ ат
•Ақ бақай жылқы
•Сары бауыр ат
•Жирен қасқа ат
•Тортөбел ат
•Торы төбел ат
•Жирен төбел ат
•Көк тебел ат
•Құлагер ат
•Тайшүбар ат
•Аққуба ат
•Қылқүйрық ат
•Бұражал ат
•Кең танау ат
•Тік бақай ат
•Қайқы бел қара ат
•Шардақ ат
•Жарау бауыр ат
•Қазанбас ат
•Қужақ ат
•Қубас ат
•Қамыс құлақ ат
•Қоян құлақ ат
•Бота тірсек ат
•Салкүрең ат
•Салпы ерін ат
•Көксауыр ат
•Қара құлақ ат
•Кертөбел ат
•Сұры ат
•Қылыл қоңыр ат
•Көкшулан ат
•Тоқжал ат
•Шұнақ ат
•Бүкір бел ат
•Ала көз ат
•Қысық көз ат
•Керім ат
•Көкшіл ат
•Құла тұлпар
•Ұзынын мойын ат
•Қазмойнын жылқы
•Қарала ат
•Сарала ат
•Құбақан жылқы
•Қара құлақ ат
•Теңбіл ат
•Байшубар ат
•Секпіл ат
•Серке бас жылқы
•Сарқарын ат
•Желбақай жылқы
•Боққарын ат
•Жіңішке ат
•Түйе бас ат
•Сиыр бас ат
•Тәуіт бас ат
•Жылан көз жылқы
•Шойбас ат
•Қазанбас ат
•Қасқа жылқы
•Қырмызы ат
•Сетер жылқы
•Секем ат
•Тобылғы торы
•Толғам ат
•Жалпақ бас жылқы
•Тақыр ат
•Құмай тұяқ құр ат
•Тандыр бие .т.б. болып кете береді.

 

ЖЫЛҚЫ ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР:

Қазақ халқының төмендегі мақал-мәтел, тәмсілдерінінен жылқының бағымы, мінезі, бабы, түрі, жайлымы, жүрісі, жалпы жылқы табиғатын қазақтан артық білетін жер бетінде басқа ұлт болмаса керек деген ой түйесің. Осы тұрақты қысқа сөз тіркестерінен халықтың өте терең Философиялық дүние тамын аңғарасың. Расында жер бетінде қазақ халқының жылқыны ең алғаш қолға үйреткеніне еш екіленбей иланасың. Осынша ұлы ұлан-ғайыр ұлы ұғымдарды оқып отырғанда қазақ пен жылқының арасындағы ғажайып білімдерді игересің. Тіптен жылқы түлігінің барлық қыры мен сырын терең меңгересің…

Жылқыны алғаш қолға үйретіп, тұрмысына тұтынған ұлы ата-бабалар рухына еріксіз тағызым етесің. Ұлы ұлттың ұлы мәдениет тарихын, дәстүрін, ұлы даланы қалай мекенденгенін білесің. Жылқы шаруашылығы қазақтың - ғылым шаруа шылығы екенін бірден мойынсал боласың.

Құрметті оқырмандарым! Мақал-мәтелдер сіздерге терең ғылыми ой салады. Сана саңлауларыңызға жарық нұр түсіретіні шубәсіз…

Асауға - тұсау,
Егеске қысау.

Ат қадірін мінген біледі,
Ас қадірін ашыққан біледі.

Байды аяма, атты ая.

Ерменді жерге ешкі бақ,
Жусанды адырға қой бақ,
Шилі сайға сиыр бақ,
Сексеуілді соға түйе бақ,
Желді далаға жылқы бақ.

Арық жылқы жалына сүйенеді,
Ескі қылыш жүзіне сүйенеді.

Алысты жақындататын ат,
Жақынды алыстататын жат.

Бәйгеге қосар аттың ерін алма, терін ал.
Дана адамның берген затын алма, тілін ал.

Ат пысқырса, жолы болады,
Ит пысқырса, соры болады.

Жылқы егіз тапса, еріне құт,
Сиыр егіз тапса, әйеліне құт.
Түйе егіз тапса, еліне құт.
Қой-ешкі егіз тапса қорасына құт.

Кербалақ жылқыдан шығады,
Қубалақ түлкібен шығады.

Аяғы жуан аттың жүрісі жоқ,
Басы жуан иттің үрісі жоқ.

Жүйірік атты тойға мін,
Шабан атты қойға мін.

Тұлпардың арқасынан ер кетпес,
Құлағынан тер кепес.

Айғай шықса жүйірік еліреді,
Ұрыс шықса тентек еліреді.

Ат қосақсыз жүгірмейді,
Адам қосақсыз жүрмейді.

Ерте тұрсаң жылқының өзін көресің,
Жай тұрсаң жылқының ізін көресің.

Есек мінген ат сұрайды,
Ат мінген тұлпар сұрайды.

Ат айналып қазығын табар,
Дән айналып дирмен табар.

Қаңғырған айғырға,
Кезеген бие кездеседі.

Саумал ішсең қымыз жоқ,
Батал мінсең құлын жоқ.

Ат жүрірмейді,
Бап жүгіреді.

Ер ашпаймын деген есігін үш ашады,
Ат баспаймын деген жерін үш басады.

Жүйірік ат тоқтығын білдірмес,
Жомарт адам жоқтығын білдірмес.

Аты жүйірік алдын байқайды,
Ақыл жүйірік артын байқайды.

Ат аунаған жерде түк қалады,
Батыр аунаған жерде оқ қалады.

Жаман атқа жал пітпейді,
Жалқау адамға мал пітпейді.

Ұра берсең, тұлпарда тулақ болады,
Қуа берсең, сұңқарда қордақ болады.

Қыстан қалған тулағың,
Жаз шыққанда тұлпар болады.

Соқыр атқа иттің көзін салсаң,
Боққа қарап оқыранады.

Мың есектін бір тұлпар артық,
Мың  торғайдан бір сұңқар артық.

Шабан аттан желмес туады,
Сараң адамнан бермес туады.

Ат сырын мінген біледі,
Жол сырын жүрген біледі.

Атты атбекке баптат,
Құсты құсбекке сақтат.

Алуан -алуан жүйірік бар,
Әліне қарай жүгірер.

Атың шабандаса, бабына қара,
Досың жамандаса, ақ- қарасына қара.

Жігіт жақсысы төрде,
Ат жақсысы керде.

Арық атқа мінгенше,
Екі аяғыңды мін.

Арқасы бүтін ат семіз,
Көңлі тоқ ер семіз.

Қой іші - береке,
Жылқы іші - мереке.

Ат арыса тулақ,
Ер арыса аруақ.

Ат арығы иесінен,
Құлын арығы биесінен.

Ат арығы мінісінен,
Қой арығы өрісінен.

Жақсы ат еліктіреді,
Шабан ат зеріктіреді.

Ат алсаң бітіміне қара,
Одан қалса күтіміне қара.

Жылқы тебінге тартады,
Ер тегіне тартады.

Жақсы ат не ажалдан құтқарады,
Не азаптан құтқарады.

Жалқы жігітке әмір жоқ,
Жалқы атқа дамыл жоқ.

Аяңшыл ат арымас,
Шәргез адам қайырылмас.

Ісімерді ісіне қарап танисың,
Жылқыны тісінн қарап танисың.

Арғымақтан ат жақсы шабыс болса,
Ағайыннан жат жақсы таныс болса.

Арық атқа тұз берме,
Ақымаққа қыз берме.

Жылқы алсаң көріп ал,
Бақайы жуан торыны ал.

Ат көрмеген ат мінсе, шаба-шаба өлтірер,
Тон кимеген тон кисе, қаға-қаға бітірер.

Жүйірік атта жал болмайды,
Ғалым адамда мал болмайды.

Жабыдан айғыр салма, жалды екен деп,
Жаманға жақын барма, малды екен деп.

Жабыны мақтағанмен тұлпар болмас,
Жапалақты баптағанмен сұңқар болмас.

Қарға құзғын көбейсе, жұтағанның белгісі,
Тай мен құлын көбейсе, құтайғанның белгісі.

Ат үйірін сағынса, арқы аяғын қағынар,
Ер ел-жұртын сағынса, айыл - тұрманын тағынар.

Ат тұяғын тай басар,
Әке орнын ұл басар.

Арық атқа қамшы - жау,
Жыртық үйге тамшы  жау.

Айғырмен ойнаған ат,
Арқасын алдырады.
Шешенмен ойнаған адам,
Аяғынан шалдырады.

Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.

Бір биеден ала да құла да туады.

Ат үсті - әулие.

Жақсы жақынына тартпайды,
Жақсы айғыр жатынына шапайды.

Би жемір болса, руы тозады,
Айғыр жемір болса, үйірі тозады

Етігін шешпей ер тыңаймас,
Ерін алмай ат тыңаймас.

Қу ат жорға болады,
Қу адам молла болады.

Ер сүрінбей ел танымайды,
Ат сүрінбей жер танымайды.

Көнектен шошыған бие оңбас,
Түсінен шошыған адам оңбас.

Жорғадан туған жортақ бар,
Батырдан туған қорқақ бар.

Қызбен алыспа,
Қысырақпен жарыспа.

Ат жетпеген жерге, хат жетеді.

Аш ат- бар ат,
Тоқ ат - жоқ ат.

Аттан ат қалса , құлағын кеседі.
Қатынан қатын қалса, тылағын кеседі.

Қотыр атқа соқыр ат үйір,
Ұры адамға қарақшы үйір.

Ұрыншақ ат арық болар,
Көңілшек жігіт кәріп болар.

Қарға арғымақ арыса,
Қараға адым жер мұң болар.
Қара көзден нұр тайса,
Бір көруге зар болар.

Аспандағы сұңқардың,
Қанатынан қайырылар  күні бар.
Топтан озған тұлпардың,
Тұяғынан майырылар күні бар.

Қу бас айғыр құнанын шайнайды,
Қу бас басшы қол астын шайнайды.

Тұлпардан із қалады,
Ұстадан біз қалады.

Жақсы аттың артынан құнан ереді,
Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.

Атыңды аясаң , айыл қатты тарт,
Балаңды аясаң, айыбын бетіне айт.

Ат барда есеке мінбес,
Ақылды адам естіге тиіспес.

Ат сыры иесіне мәлім,
Жат сыры Аллаға мәлім.

Тұлпарға аз артып қатты жүр,
Түиеге көп артып ақырын жүр.

Жорғалымен жолдас болма,
Оятсызбен құрдас болма.

Жылқыны маңқа бұзады,
Достықты арамза бұзады.

Тұлпар тұяқты келеді,
Қыран қияқты келеді.

Тұлпар үйірін табады,
Сұқар тұғырын табады.

Тұлпар топта сыналады,
Жігіт сапта сыналады.

Көбік қарда түлкі ойнар,
Көк шалғында жылқы ойнар.

Бастықпаған асау басқа шабады,
Жағымпаз адам бастыққа жағады.

Тебінде жерде жылқы өлмес,
Ерменді жерде ер өлмес.

Тап бермеде тай озар,
Табаны қызғанда тарлан озар.

Тұлпар мінген түбін табады,
Есек мінген есік жақта қалады.

Тістеуі жылқы тісін көрсетпес,
Залым қу жүрген ізін көрсетпес.

Жылқылы бай сері бай,
Қойлы бай қордалы бай.

Ат құлағынан ақсамайды,
Қу бастық қасынла қақсамайды.

Дала көркі - тал,
Жылқы көркі - жал.

Тұлпардан шабан туады,
Шабаннан желмес туады.

Жүйірік атқа бір қамшы,
Шабан атқа мың қамшы.

Атты шабынан мақтайды,
Жігітті табысынан мақтайды.

Ат ажары жалында,
Ер ажары қасында.

Аттан аттың несі артық-
Жүрісі мен күші артық.
Ерден ердің несі артық-
Ерлігі мен ары артық.

Атың шабан болса, басқа ұрма,
Досың жаман болса, қас қылма.

Арқыраған айғырдың үйірін көр,
Астамсыған жігіттің үйіне барып көр.

Ат жүрісі - үстіндегі батырдың тынысы,
Береке - бірлік халқытың - ырысы.

Атың шапшаң болса, берді құдай,
Ауызың шапшаң болса, ұрды құдай.

Адамды ой арытар,
Тұлпарды той арытар.

Адамды сыбыс бұзады,
Атты мініс бұзады.

Арғымақ аттың құйрығы -
Әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі,
Әрі мырза, әрі құл.

Арғымақ аттың белгісі-
Аз оттар да көп жусар.
Азамат ердің белгісі-
Аз сөйлер де көп тыңдар.

Ат тоғызында толады,
Жігіт жирма бесінде  болады.

Жазда жорға өледі,
Қыста мырза өледі.

Ат қоссаң аймағыңмен қос,
Сонда боласың мерекеге қош.

Ат арығын жерден көреді,
Жауыр болуын ерден көреді.

Шабан атты көлікке санама,
Жаман жігітті серікке санама.

Атты ұрған бұзады
Ақихатты бұрған бұщады.

Мықты айғыр үйірін бөріге алдырмас,
Мықты жігіт ауылын ұрыға алдырмас.

Азамат жақсысы арынан,
Ат жақсысы жалынан.

Ат мінгеннің көзі өткір,
Хат білгеннің көзі өткір.

Бапкер көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.

Адам құлақтан азады,
Ат тұяқтан азады.

Бір биенің екі емшегі,
Бірі кетсе сүті жоқ.
Бір түйенің екі өркеші,
Бірі кетсе күші жоқ.

Бір мінер атыңды шабан деме,
Бірге жүрген досыңды жаман деме.

Жақсы ат күй тілемейді,
Жақсы дос сый тілемейді.

Жаман досты санатқа санама,
Шабан жылқыны қанатқа санама.

Ат иесі алдына мінеді,
Қасындағысы артына мінгеседі.

Ат жаманы тайымен ойнар,
Ит жаманы қоймен ойнар.

Аты жауырдың аяғына күш түсер,
Атаны жауырдың арқасына күш түсер.

Адам қызығы қартайғанша,
Ат қыщығы арығанша.

Жорға жүрісімен пұл болалы,
Жалқау жатып ішіп құл болады.

Арқасына ер батқан ат аяңшыл болады,
Арын даттаған ер қарғысшыл болады.

Жалғыз шапқан ат жүйрік болады,
Жағыз сөйлеген жігіт шешен болады.

“Әйт-шу” деген атқа демеу,
“Әуіп” деген ерге демеу.

Қартайғанда кәрі боз жорға болар,
Қартайғанда кәрі шал зорға болар.

Мың жылқыны бір жылқы үркіттеді,

Ат кісінесіп табысады,
Адам сөйлесіп табысады.

Қатты адам ырымшыл,
Қасаң ат қырыншыл.

Бедеу мінснң , бел асарсың,
Алғыс алсаң , көп жасарсың.

Жылқыны бүгелек құрт аздырады,
Жігітті күйгелек қатын аздырады.

Атты жолдас болмайды арбалымен,
Жортық жолдас болмайды жорғалымен.

Қу байтал екі айғырды аш қалтыралы,
Қу қатын екі еркекті бірдей састырады.

Тай тулап үйірінен шықпас,
Бала жылап шаңырағын жықпас.

Аттың атағы үлкен,
Түйенің табаны үлкен.

Жеп көп болса ат семіз,
Жемтік көп болса ит семіз.

Шабан ат тақыңды жейді,
Жаман жолдас ақылыңды жейді.

Шабанға мініп “Шу” десең, сыйпақ қағады,
Жалқауға  келіп” Жүр” десең қипақ қағады.

Атты тайымен сақта,
Қатынды байымен сақта.

Жас атты бақсаң тойынар,
Кәрі атты бақсаң сойылар.

Айғырды неден салсаң,
Атты содан мінесің.

Тұлпар биеден туады,
Нар інгеннен туады,
Батыр анадан туады.

Түйе көш - салтанаты,
Ат ер - қанаты.

Атты күнде мінсең тулақ,
Айда мінсең қунақ,
Жылда мінсең тұлпар,
Баптап мінсең сүңқар.

Көбең ат жүріс көтермейді,
Мәстек ат мініс көтермейді.

Жылқы ұрланса жаудікі,
Ысқырса желдікі,
Иесі өлсе елдікі.

Ат құлыны күшінде,
Бие құлыны ішінде.

Жылқы малдың - патшасы,
Түйн жүктің қасқасы.

Кісі аты тершең,
Кісі киімі кіршең.

Жақсы жылқы жанға серік,
Жақсы ит малға серік.

Бие құлын бағып жүріп терлесе,
Құлын босқа шауып жүріп терлейді.

Атты баға біл,
Бабын таба біл.

Малшы болсаң, қыста құр ат ұста,
Құр ат ұстасаң, бір егей бір ат ұста.

Жылқы соймай көңіл жайланбас,
Қазы жемей ауыз майланбас.

Жетпіс атты сақтау қиын,
Бір атты баптау қиын.

Ерге лайық ат туар,
Жерге лайық егін шығар.

Есектің тұяғына алтын таға қақсаңда тұлпар болмас,

Тұлпарды тағаламасаң да есек болмас.

Аттың сыры иесіне мәлім,
Қыздың сыры шешесіне мәлім.

Ер сәулетін ел сақтайды,
Ат сәулетін жал сақтайды.

Адам болар бала сөзінен белгілі,
Тұлпар болар құлынның көзінен белгілі.

Шабан ат ұрғанды білмес,
Жаман адам сыйлағанды білмес.

Жамандасып тай алсаң,
Жамандасып өлерсің.

Жаман қатын - жақсы қатынның азығы,
Жаман ат - жақсы аттың қазығы.

Шын сұлуда мін болмас,
Шын жүйрікте сын болмас.

Тай жұты - қаңтару,
Нар жұты - қайтауыл.

Тақым қақтаған тай арық,
Қатын қақтаған бай арық.

Біткен іске мінші көп,
Жүйірік атқа сыншы көп.

Тұлпар қорада тұрса да,
Көңілі далада тұрады.

Алыс жол ат сынайды,
Ауыр жүк нар сынайды.

Жалғыз аты бар жарыстан қалмас,
Жалғыз ұлы бар тойдан қалмас.

Аттың тоқымына қарама,
Өскен тұқымына қара.

Атты қамшымен айдаған бұзады,
Желмен айдаған озады.

Желген атқа жел көмек,
Қиындыққа ел көмек.

Болат БОПАЙҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру