ӨСЕКТЕН АЛЫС ТҰРУ СЫРЫ
Баяғыда бір оқушы мұғаліміне барады
- Ұстаз, мен осы медреседе тұра алмаймын. Мұндағы басқа шәкірттер өсек айтумен қатар, саясат туралы дауласып, кейде сізді өсектеуге дейн барады. Олар маған оқуымның шыңына жетемін деген мақсатыма үлкен кедергі. Сондықтан мені бұл жерден жіберіңізші, мен тыныш өмір сүретін басқа ғибадатханаға барғым келеді”,— деді.
Сонда мұғалім жауап берді
- Әрине Сіз қалаған жерде оқи аласыз. Бірақ барар алдында бір тапсырманы орындаңыз.
Мұны естіген шәкірт
- Сонымен, мұғалім, қандай тапсырма? деді
- Бір қасық су алыңыз да, оны қолыңызға алып, осы медресенің барлық бөлмелерден өтіп айланып келуін керек. «Бір тамшысын да төгіп алмаңыз».
Осындай оңай тапсырманы орындап, бұл жерден кететініне қуанған студент айтқанын орындады. Бір тамшы суды да төкпей медресені аралаған соң, мұғалім күлімсіреп
- Өте жақсы. Енді сіз қалаған жеріңізге бара аласыз. Бірақ бармас бұрын бір сұраққа жауап беріңізші.
- Бір қасық су алып жүріп біреудің өсек айтып жатқанын естідіңіз бе? Сен де мені де өсектеп тұрғандарын көре алдын ба? Сізге оқушылардын сөздері кедергі болды ма?
– Суды қасықпен төгіп алмас үшін ештеңеге мән бермедім. Тыңдауғада уақыт болмады. Мен тек қасыққа ғана назар аударып, суды толық әкелдім.
Мұғалім мұны естіді де
– Бұл ғаламның қай жеріне барсаңыз да, теріс ойлы адамдарды кездестіресіз. Бірақ егер сіз оларды елемей, тек өзіңіз істеу керек нәрсеге назар аудара алсаңыз, басқалардың өсек-аяңдары мүлдем кедергі болмайды. Өзіңізге көңіл бөлу өзімшілдік болып көрінуі мүмкін, бірақ өмірдегі пайдасыз сөздерге назар аударғаннан гөрі жақсы. Адамдардың бос сөзіне мән беріп, адамдардың өміріне араласып, басқалардың іс-әрекетіне назар аударып, қызғаныш танытсаңыз, шын мақсатыңызды ешқашан орындай алмайсыз. Сіз өзіңізге толықтай жұмылсаңыз, басқалардың жаман сөздері шудан басқа ештеңе емес. Ендеше, өзіңізді күтуге ерінбеңіз, өміріңіздің қожайыны болыңыз. Біздің шіркеуден кетсең де, келесі барған қауымнан тек өсек табасың. Бір жерде бақытты болуды үйренсең, ғаламның барлық қауымында бақытты бола аласың дейді.