ӨНЕГЕЛІ САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ

12 маусым 2024 1519 0
Оқу режимі

• Жасы кіші болса да әкесі үлкен «Жолы үлкен» болып саналады. Яғни салт –дәстүрде жол, кезек соған беріледі.

• Қыз үйдегі келіндерден жоғары отырады. Қыздың ағаларынанда жоғары отыруға хақы бар. Өйткені «Қыздын жолы жінішке» дейді халық.

• Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидыке деп саналады немесе сол елдің әжесіне, ел сыйлаған анаға береді. Бесікті отпен аластайды.

• Бата беру, ас қайыру қонақтардың немесе ақсақалдардың жолы үлкеннің үлесінде.

• Алыстан қонақ келсе, сол үйдің көршісі және ауыл ақсақалдары шақырылады. Сыйластық белгісі осыдан көрінеді. Алыстан келген қонаққа ауылдың үлкен-кішісі сәлем бегуге тиіс.

• Үйге келген кісіге «Кімсің?» демейді, оны төрге шығарып, қонақасы береді.

• Туған –туысқанына, еліне келгендер алдымен ауылдын үлкеніне түседі немесе соларға сәлем береді.

• Көшіп келе жатқандарға «Көш оң болсын» деп ат жалдатып, дәм-тұз ұсынады.

• Байғазы, көрімдік, сүйінші сұрағандарды құр қол қалдырмайды. «Айттық» сұрағандарға айттық беру міндет.

• Үйге келген кісіге дәм ауыз тигізеді. Дәм қашанда достыққа, сыйластыққа шақырады.

• Үйге келген адам шаруасын тұрып айтпайды, отырып болғаң соң асықпай жеткізеді.

• Айпкер айыбын төлеп кешірім сұраса, қарсы жақ кешірім жасауға тиіс.

• Олжасын жолдасына ұсынады немесе бөліседі. Аты озып келгендер, күресте жыққан палуандар, женген ақындар алған бәсекесін елдің ақсақалдарына, үлкен шаныраққа байлаған.

• Жігіттің ата-анасымен танысуға келген қызға лайықты сый-сияпат ұсынады.

• Ауыр қылмыс жасағандар қатаң жазаланады немесе елден қуылады. Олардын артынан жұрт бір уыс топырақ шашады. Бұл- қылмысты қайта болдырмаудың жолы.

• Қонақ қондырмау, қонақ шақырмау ұлт дәстүрін силамайтын, жөн-жосықты білмейтіндердің ісі.

• Жетім баланын басынан сипау, жетімге көмек беру, қайыршыға садақа ұсыну, біліктілік пен адамгершіліктің белгісі.

• Қонаққа домалақ жілік, жамбастын құйымшағы салынбайды. Қазақ ұғымынды бұлар – кәдесіз. Қызға кәрі жілік ұсыну- әбестік. Ұзатылған қыздын күйеуіне төс тартылады. Ақты (сүт, айран,қымыз) жерге төкпейді. Малдың желіні кетеді.

• Елшіні өлтірмейді («Елшіге өлім жоқ» деген содан қалған).

• Тойға, қуанышқа құр қол бармайды. Той жасағандарға-«Тойхана», «сый-сиапат», мүшелі тойға –«сыйлық», үйлену тойына –«немеурін», құдалыққа –«киіт» апарады.

• Көшіп келген отбасына тұрғылықты жұрт «ерулік» береді. Көшкен отбасы коршілеріне «айырылысар көже» береді.

• Келген кісіге үй иесі өкпесін айтпайды.

• Сәрсенбі – сәтті күн. Қазақ игі істерді қызық –қуанышты осы күні бастайды. Сейсенбі-сәтсіз күн. Сапарға шықпайды, іс бастамайды. Бейсенбі, жұма – исламның қасиетті күні. Бұл күні әр адам әруақтарды еске алады, дұға бағыштайды.

 

Пікірлер Кіру