МҰСЫЛМАН ӨЗІ ҮШІН ЖАСАУЫ ТИІС 7 АМАЛ

15 тамыз 2024 1633 0
Оқу режимі

Адам қарауындағы ең жақсы байлық — оның уақыты. Алайда «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» дегендей, адам баласы бұл игіліктен айырылмай, оны лайықты түрде бағалай алмайды.

Алланың жаратқан пенделерінің ешбірі де оған қанша уақыт бөлінгенін білмейді, біз тек мәңгілік өмірде Алла рақымынан құр қалмайтындай уақытымызды тиімді түрде пайдалануымыз қажет. Алла әрбір жан иесіне саналы, игілікке әрі пайдалы амалдарға толы өмір сыйлады.

«Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңдар. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі» (59:18).

Өз уақытыңызға деген көзқарасыңызды, қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз, әлеуметтік желілерді жайына қалдырыңыз, теледидарды ұзақ қараудан бас тартыңыз да уақытыңызды өзіңіз разы болатындай етіп тиімді де пайдалы өткізуге тырысыңыз.

Біздің дұғаларымыз біздің арман-тілектеріміздің көрінісі болып табылады. Мына бір дұға жиі айтылатын дұғалардың бірі болып табылады:

«Раббана атина фиддунйа хасанат уа фил ахирати хасанатан у акына азабан нар»

«Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта» (2:201).

Екі дүниеде де жақсылық бер деп Алладан сұрар болсақ, алдымен, Алла разылығына қол жеткізу үшін, бізге уақытымызды дұрыс пайдалану жауапкершілігі жүктеледі.

Сол үшін:

1. Алдыңызға мақсат қойып, осы жылға жоспар құрыңыз.

2. Осы жылы қандай білімге ие болғыңыз келетінін анықтаңыз.

3. Қаржы, шығын, қайыр-садақаға қатысты көзқарасыңызды қайта қарастырыңыз.

4. Өміріңізге және айналысып жүрген ісіңізге көңіліңіз тола ма, жоқ па? Осы мәселеге аса назар аударыңыз.

5. Жақсы мұсылман болу үшін не жасай аласыз?

6. Отбасы мүшелерімен қатынасыңызды нығайтыңыз. Біздің отбасымыз – біздің ең жақын адамдарымыз, оларды Алла Тағала өміріміздің барлық уайым-қайғысын бөлісетін серіктеріміз етіп жаратқан. Біздің ата-анамыз, балаларымыз, күйеуіміз бен әйеліміз – осы адамдарға, бірінші кезекте, көңіл

қоюға, жақсы қатынаста болуға, түсінушілікпен, тіпті садақа беруге де міндеттіміз. Өз жақын-туыстарыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз, оларды жабырқатпаңыз, әке, күйеу, ұл ретіндегі рөліңізді жақсы атқаруға тырысыңыз.

7. Бір жыл ішінде оқып шығатын кітаптар тізімін құрыңыз. Алла Елшісі (ﷺ) мұсылмандарға үнемі білімге талпыну міндетін жүктеген. Мұсылман үшін игілік пен білімге жетелейтін үздік кәсіптің бірі – кітап оқу. Кітап оқу арқылы адам баласы өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін артыратын болады. Қасиетті Кітап – Құранды оқуды әдетке айналдырыңыз!

 

 

 

Пікірлер Кіру