МӘҢГІЛІК ӨМІР ӨЛІМНЕН КЕЙІН БАСТАЛАДЫ

21 тамыз 2024 1984 0
Оқу режимі

«Әрбір тірі жан өлімнің дәмін (әйтеуір бір) татады».

Сөздік мағынасы осы өмірдің қарама-қарсысы, таусылып біту, сезімсіз қалу, терең ұйғыға кету, бір әлемнен басқасына өту және рухтың денеден айырылуы секілді түрлі түрлі мағыналар берсе де, Алла Елшісінің айтқанындай адамзаттың баласының туғаннан соңғы көзі жететін тек шындығы – өлім. Негізінде өлім – тек адамзаттың ғана емес дүниедегі  барлық жанды нәрсенің ортақ тағдыры. Бар болу сахнасында жаратылған нәрсе күндердің бірінде өлетініне үкім етілген.

Құран Кәрімнің аяттары мен мен Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарымыздан жеткен хадистерде де өлім туралы көптеп баяндалады.

Ибн Омардан (р.а) жеткен хадисте: «Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге едім. Ансардан бір адам келіп Пайғамбарымызға (с.а.с.) сәлем берді. Содан кейін былай деді: «Уа, Алланың елшісі, Мұсылмандардың қандайы жақсы?» Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мінез-құлқы көркем болғаны» деді. Содан кейін адам: «Мұсылмандардың қандайы ақылдырақ?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өлімді ең көп еске алғаны және өлімнен соңғы уақыт үшін ең жақсы әзірленгені. Міне, олар ең ақылдылары деп жауап бергені» баяндалады. (Ибн Маже, Зухд, 31)

Әнәс ибн Малик (р.а.) жеткізген хадисте: «Ешбірің басына түскен ауыртпалыққа бола өзіне өлім тілемесін. Егер одан басқа амалы қалмаса: «Уа, Алла тағалам! Егер мен үшін өмір сүру қайырлы болса, ғұмыр бере ғөр! Ал, егер өлім қайырлы болса, (аманат еткен) жанымды алғайсың», – деп айтсын» – делінген (Бұхари, Марда, 19)

Құран Кәрімде: «Үнемі қашып жүрген өліміңізге міндетті түрде жолығасыз...»[1] және «Қайда болсаңдар, болыңдар мықты және күшейтілген қамалдар ішінде болса да өлім сізге жетеді»[2] – деп, өлімнің қашып құтылуы мүмкін емес шындық екендігін баса көрсеткен.

Тіпті Ұлы Алла бұл жағдайдың жер бетіндегі бүкіл жандыларға қатысты екенін «Әрбір тірі жан өлімнің дәмін (әйтеуір бір) татады» деп Құран Кәрімнің әртүрлі сүрелерінде қайталап отырады».[3] Өлім, Ұлы Жаратушының заңы және де оны өзгертуге Одан басқа ешкімнің құдыреті жетпейді: «Араңызда өлімді тағдыр еткен – бізбіз. Және Бізге ештеме қарсы тұра алмайды»[4]

Өлімді «Міндетті түрде сен де өлесің, олар да өледі»[5] деп Пайғамбарымызға (с.а.с.) және оның үмбетінің есіне салып тұрған да Алла тағаланың  Өзі. Басқа жағынан Алла тағала дүние өмірінің бір сынақ екенін жиі нұсқап отырған. Кұран Кәрімде ««Әрбір тірі жан өлімнің дәмін (әйтеуір бір) татады. Бір сынақ ретінде жақсылықпен де, жамандықпен де сынаймыз. Тек бізге қайтасыңдар»[6]. Осындай сөздермен басталатын басқа бір аятта дүниеде жасалғандардың қарымтасының қиямет күні берілетіні жөнінде былай білдіріледі:

«Әрбір тірі жан өлімнің дәмін (әйтеуір бір) татады.Тек қиямет күні жасағандарыңның қарымтасының барлығы түгелімен беріледі. Кім жаһаннамнан алыстатылып жаннатқа қойылса, ол шынымен де құтылды. Бұл  өмір  алдамшы дүниеден басқа ешнәрсе емес».[7]

Сондықтан өлімді еске алу – сондай-ақ, адамның жаратылу мақсатын және ақыреттегі есебін еске алу деген сөз. Бұл еске алу мүміннің өмірін қалай өткізуі туралы мәселені үнемі ойлануды керек қылады.

Алла елшісі (с.а.с.)  үмбетіне өлім жайлы еске алып, әр мүмкіндікте ескертіп отырған. Бұл туралы сахаба Ибн Омар былай деп әңгімелейді:

«Алла елшісімен (с.а.с.) бірге отырғанда ансардан бір адам келіп Пайғамбарымызға (с.а.с.) салем берді. Содан кейін былай деп сұрады: «Уа, Алла елшісі, Мүміндердің жақсысы қандайлары?» Пайғамбарымыз (с.а.с): «көркем-мінезді болғандар» – деді. Содан кейін адам: «Мүміндердің қандайы ақылдырақ? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өлімді ең көп еске алатындар және өлімнен соңғыға ең жақсы әзірленетіндер. Міне, олар ең ақылды болатындар» – деп жауап берді»[8].

Үмбетін өте жақсы көрген және сондықтан да үнемі үмбеті үшін қолын жайып Аллаға дұға жасаған ардақты Пайғамбарымыз[9] (с.а.с.) оларға өлімнен кейінгі жағдайларының жаман болмауы үшін Алланың бұйырғанындай өмір сүруге кеңес берген. Үбей ибн Қағыб мыналарды айтқан: Пайғамбарымыз (с.а.с.) түннің үште екісі өткеннен кейін тұрып былай дейтін:

«Уа адамдар! Алланың бар екенін ойларыңыздан шығармаңыздар. Бүкіл жаны барларға өлім әкелетін сурдың алғашқы үрлененін уақыты келеді, мұның артынан да бүтін жаны барларды тірілтетін үрлеу келеді. Өлім әр түрлі азабы мен ауыртпалықтарымен  міндетті түрде келеді; өлім міндетті түрде барлығына жолығады».[10]

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ескерткен бұл шындығы Құран кәрімде былай білдірілген: «Үлкен сілкініс болатын сол күнде ол сілкіністің артынан  басқа сілкініс қайталанады. Ол күні кейбір жүректер (қорыққан халде) қатты соғады. Олардың көздері (қорқумен) шығады» [11].

Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) өлімнің жалған дүниенің қызығынан тежейтін жағына көңіл аудартқан және «(Жалған дүниенің) ләззатын ұмыттыратын (өлімді) жиі естеріңе алыңдар»[12] деген.

Бір күні намазға кірген уақытта кейбір адамдардың қатты күліп тұрғандарын  көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдардың әрекеттерінде өлшем болу керек екенін естеріне салу мақсатында былай деп насихат айтқан: «Негізінде сіздер өлімді көп еске алған болсаңыздар мына көрген жағдайда болмас едіңіз. Олай болса (жалған дүниенің) ләззатын ұмыттыратын (өлімді) жиі естеріңе алыңдар»[13]

Алла елшісінің (с.а.с.) өлім туралы жасаған ескертулерінде ең баса көңіл бөлетін мәселелерден бірі – өлім уақытының белгілі болмауы және  әп-сәтте келуі мүмкін өлімге дайындалуда кеш қалмау керектігі. Анасымен бірге үйінің дуалын лаймен сылап жатқан Абдулла ибн Амрға «Абдулла, не істеп жатырсың?» деп сұрайды. Абдулла да, «Үйімізді жөндеп жатырмыз, уа Алла Елшісі» – деп жауап береді. Бұған Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Өлім бұл дуалдың жығылуынан  жылдам»[14] деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөзі арқылы өлімнің әр адамға күтпеген жерде келетінін және оған әзір болу керек екендігін еске салып отыр.

Адам баласы жаратылысынан дүниені жақсы көруге, ақыретті ойынан шығаруға бейім.[15] Адам баласының өлімді жақсы көрмеуінің, одан шошып қашуының көп себептері бар. Дүниеге ашкөзділік, ақыреттің ұмытылып әзірлік жасалынбауы, мәңгілік қалауы, күнә мен астамшылық қараңғылығында ақиқат сәулесін көре алмау секілді осындай жағдайлар өлімнен қашуға себеп бола алады.

Алла Елшісінің (с.а.с.) бұл жөнінде ескертуі өте ауыр: «…(ғапылдыққа) батқан, күліп-ойнаған, қабірлерді және топырақ астында шіруді ұмытқан құл не деген бақытсыз! Азғындаған, шектен шыққан, қайдан келгенін және қайда баратынын ұмытқан құл қандай бақытсыз!..[16]

Кейбір адамдар өлімді жоқ болу деп ұғады. Өлімге барлық нәрсенің бітуі, жоқ болу, ыдырап шашырап кету, топырақ болу көзқарасымен қарайды және сондықтан да онымен бетпе-бет келуді мүлдем қаламайды. Әйтпесе өлім оны көңілден танып жақсы көрген және «Ей тыныштыққа қауышқан адам! Сен Одан риза, ол да сенен риза болып Раббыңа қайт. (Таңдаулы) құлдарымның арасына қосыл және жаннатыма кір!»[17] деген шақыруды алған бір рух үшін мүлдем жоқ болу және жоқтық болмағаны секілді, қабір де бір топыраққа айналу шұқыры емес. Өлімді мағыналы қылған өлімнен соңғы ақыреттің бар болуы.

Ұлы Алла ақырет өміріне және ол жердегі есепке иман келтіріп өмір сүріп, Алла тағалаға жақын болып өлген мүмінді «бірақ (өлген кісі Аллаға) жақын болғандардан болса, оған жан тыныштығы, жақсы рызық және Наим жәннаты бар» [18] деп сүйіншілейді.

Адамзат қаншалықты өлімді жақсы көрмесе де, өлімді қаламаса да кейбіреулері бастарына келген  қиыншылықтар себепті бұл өзгермейтін өмірдің бітуін тілеу жағдайына барады. Бұл жағдайға түскендерге Алла елшісі (с.а.с.) мынадай кеңес береді: «Ешбірің басына түскен ауыртпалыққа бола өзіне өлім тілемесін. Егер одан басқа амалы қалмаса: «Уа, Алла тағалам! Егер мен үшін өмір сүру қайырлы болса, ғұмыр бере ғөр! Ал, егер өлім қайырлы болса, (аманат еткен) жанымды алғайсың» – десін[19].

Алла елшісін (с.а.с.) өмірлеріндегі ең маңызды үлгі ретінде қабылдаған сахабалар оның бұйрықпен кеңестерін  өте сезімталдықпен орындайтын. Бұлардан бірі, алғашқы мұсылмандардан болған және мүшіріктердің сансыз зорлық-зомбылықтарына тап болған, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында Бәдір және Ұхыд соғыстарына қатысқан Хаббаб ибн Арат еді.[20]

Хаббаб қайтыс болардың алдында көптеген  мәрте емделсе же жазыла алмаған. Ауруы шыдап тұра алмайтындай болған. Көңілін сұрап келген достарына, «Ауруым созылып кетті. Алла елшісінің (с.а.с.) «Өлімді сұрамаңдар» дегенін естімеген болғанда, Аллаға жалбарынып, өлімді сұрайтын едім» [21] деген, Хаббаб жан шыдатпас ауруына  қарамастан Алла Елшісінің (с.а.с.) кеңесін орындауға тырысқан. Осылайша иманды адамның жанын қиып өзін өлтіруді  бір шешім ретінде көруі мүмкін емес және Алла тағалаға қарсы келетін сөздерді де айтпау керектігін  көрсеткен.

Өлім – ақиқат, барлығына бір күн тап келеді. Өлім үшін жас-кәрі, әйел-еркек, бала секілді бір кезек туралы айту мүмкін емес. Алла тағаланың белгілеген ажалы келгенде, әрбір адам рухын Раббысына тәслім етеді. Алла елшісі сахабаларына біреудің өлім сәтіне куә болғанда не істеу керектігі жөнінде кеңестер берген.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өлетіні белгілі болған кісілерге кәлима айтқызуды, «Өлейін деп жатқандарға «Ла илаһа иллалаһ сөзін көңіліне салыңдар, «Соңғы сөзі «Ла илаһа иллалаһ» деген жаннатқа барады» хадисімен байланысты сипаттайды және мұның маңызына ишарат жасаған. Алла елшісі «Ясин» сүресі туралы, «Оны өлгендеріңіздің (өлім аузында жатқанның) жанында оқыңыз» дегені айтылады.

Әр уақытта жақсылық айтуға кеңес берген Алла елшісі өлім аузында жатқан адамдардың жанында да міндетті түрде жақсы нәрселер айтылуы  керектігін, себебі айтылғандарға періштелердің «амин» дейтіндерін айтады.[22]

Алла елшісінің (с.а.с.) басқа ескертуі өлген кісінің көздерінің жабылуымен байланысты. «Өлгендеріңіздің жанында болған кезде, (өлгенде) көзін жабыңыз. Себебі көз рухтың артынан жүреді…» деген. Пайғамбарымыздың бұл кеңесінен кейін өлгендердің көздерін жабу және жағын байлау әдет болған.

Өлген кісінің қайтып кері келмейтіні, бұл айырылу әлбетте, сол адамды сүйгендерді және жақындарын мұңға бөлейді. Онсыз да мейірімді адамның осындай жағдайда қайғыланбауы мүмкін емес. Бірақ өлім жағдайында қатты кетпеу, Алла тағаланы және тағдырды кінәлау әрекеттерінен алыс тұру керек.

Әрбір туылған жан – сонымен бірге өлімнің хабаршысы. Тірінің әрбір тыныс алуы – ажалға басқан қадамдары. Өлім кері қайтпайтын өткел секілді. Өлім – шошытса да,  шындықты қабылдап, әр сәт көзіміздің алдында болатын, көңіл-күйімізді қашыратын жағдайға дайын болу маңызды.

Мысалы – ішіміздегі өлімді өлтіру. Сол уақытта шошынатын нәрсе қалмайды. Жасағандарының есебін беретініне иман келтірмеген адамның өмірі Алла тағаланың қалаған жолда жүруін ойлау мүмкін емес және сондай бір адам өлімге тап келуді еш қаламайды.

Бұған керісінше, әр қадамында о дүниеде Алла тағалаға ойында жүретін, әр іс-әрекетінде о дүниеде есеп беру санасымен әрекет жасаған адам үшін өлім – жоқ болу емес, Алла елшісінің (с.а.с.) соңғы демінде Ең ұлы Досқа бару тілегін айтқанындай қауышудың, мәңлілік өмірдің  бастамасы.

 

Балғабек  МЫРЗАЕВ

 

[1] Жума,62/8.

[2] Ниса,4/78.

[3] Әл-имран, 3/185; Анкебут, 29/57; Әнбиа,21/35.

[4] Уақиға,56/60.

[5] Зүмер,39/30.

[6] Әнбиа,21/35.

[7] Әли-имран, 3/185.

[8] ибн Мажә,зүхд, 31.

[9] Әбу Дәуіт, жихад, 162.

[10] Тирмизи,сифатул-киам, 23.

[11] Назиат,79/6-9.

[12] Насаи, жанаиз, 3.

[13] Тирмизи,сифатул-киам, 26.

[14] Әбу Дәуд, әдәб, 156,157; ибн Мааж,зухд, 13.

[15] Киамет,75/20-21.

[16]Тирмизи,Сифатул-киаме,17.

[17] Фәжр,89/27-30.

[18] Бакиа,56/88,89.

[19] Бухари,мәрда, 19.

[20] Ибн Асир,үсбул-габе, II,147.

[21]Тирмизи,сифатул-Киаме, 40.

[22] Муслим, Жанаиз, 6.

 

Пікірлер Кіру