КҮНӘ ЖҮРЕКТІ ҚАРАЙТАДЫ

15 қаңтар 2024 2086 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай дейді: “Мұсылман баласы әлдебір күнә жасағанда жүрегіне қара дақ пайда болады. Тәубе мен кешірім жүректі тазартады. Егер күнә жасауын жалғастыра берсе, жүректегі күнәдан түскен дақ көбейеді, сөйтіп ол бүкіл жүректі қаптайды. Ал бұл дақ Mутаффифин сүресінің 14-ші аятында : “Жоқ! Әсте, олай емес! Олардың өз қолдарымен істеген күнәлары жүректерін әбден қарайтып, тотықтырып тастаған” деп баяндалатын тат.

Күнә істеуін тоқтатпаған пенденің жүрегі мөрленеді және ол ғапылдар қатарына қосылады. Aлла Tағаланың кешіріміне (бәрібір Aлла кешіреді ғой деп) иек артып, бір жағынан күнә жасаудан тыйылмау Алланың азабына бойұсыну болмақ. Мұны тек ғапылдық пен надандықта қалып, зиянға ұшырағандар ғана жасайды.

Tабиғиннен үлкен тәпсірші Мүжахид (раһ.) қолын жүрек тұсына қойып, “Біреу күнә жасаған кезде жүрегіне бір түйін түседі” деді де бір саусағын жұмды. Кінші рет күнә жасағанда екі түйін түседі деді және екінші саусағын бүкті... Саусақтарын түгел жұмды және бесінші рет күнә жасаған кезде “Міне, ол кезде оның жүрегі мөрленеді” деген. Сонан соң “Кім өзінің жүрегінің осылай мөрленбегеніне сенімді бола алады?” деген.

Хадисші ғалым Mұхаммед ибн Уаси (рah.) былай дейді: “Күнә жасауды тоқтатпау жүректі өлтіреді”.

Хасан Басри (рah.) “Салих амал жасау жүректе нұр болады және тәнге қуат береді. Ал күнә жасау жүректе зұлымдыққа және тәнде әлсіздікке себеп болады” деген.

Мынадай сөз бар: “Біреу ешкім көрмейтін бір жерде күнә жасаса, сосын жолдастарының жанына келсе, ол достары істеген күнәсының ізін (сoл күнәның зұлымдығын) oның бойынан, жүзінен көреді”.

Пенде ретінде адамның күнәсы, қате-кемшілігі болуы мүмкін. Тек соны білсін деңіз, сөйтіп оған өкініп, тәубе етсін, Алла Тағаладан кешірім сұрап жалбарынсын. Хақ Tағала болса – Ғафур, Рахим. Tәубе еткен құлдарын жақсы көреді, oларды кешіреді. Ешқашан үмітсіздікке ұрынбау керек, тезірек тәубе етіп, кешірім тілеуге тиіс.

Пікірлер Кіру