КІМДЕРМЕН ДОС БОЛУ КЕРЕК!

10 шілде 2024 626 0
Оқу режимі

Мүмин, өзіне әрдайым Алланы еске түсіретін, жақсылыққа шақыратын және тақуалыққа жабысқан адамдармен дос болу керек. Хикмет иесі болған ариф ғұламалар, жүрегімізді кімдерден қорғауымыз керетігін ескерткен:

"Балам, қалаған адамынмен дос бол, бірақ мына төрт түрлі адамнан сақ бол, мұқият бол:

1. Ақымақпен дос болудан сақтан. Себебі ақымақ саған пайда беремін ниетімен зиянын тигізеді.

2. Қызғаншақ біреуімен дос болуда мұқият бол. Себебі ол сені бір үзім нанға, бір жұтым суға, бір дәнге сатып кетуге дайын тұрады.

3. Сараңмен дос болма. Себебі сараң, өзіңе мұқтаж болған кезінде сені мақрұм қалдырады.

4. Қорқақпен дос болма. Себебі ол сені де, ата-ананды да масқара қылар, нәтижесінде жауапкершілігін сезінбейді де".

Тіл - жүрегіміздің аудармашысы, көңіліміздін айнасы. Сондай-ақ, тіліміз нені көп айтса, көңілінде де сол бар. Яғни, досымыз сөз және іс-әрекетімен Алла Тағаланы, Алла Елшісін (ﷺ), ақыретті еске түсіріп тұрса, ол адамның жүрегінің төрінде Алла және Расулі (ﷺ) бар деген сөз. Мұндай адаммен дос болу, Хазіреті Омардың (р.а.) айтуы бойынша оңайлықпен қолға өтпейтін бір дәулет. Ол досты жоғалтып алмауға тырысу керек.

Осман Нури Топбаш ұстаздың дәрісінен үзінді

Пікірлер Кіру