ХАЛИФАНЫҢ НАСИХАТЫ

Халифа Омар бин Абдулазиз (р.а.) қолбасшыларының біріне мынадай насихат жазған екен:
-Мен саған тақуалықты, Алладан қорқуды және Оған мойынсұнуды насихаттаймын. Өйткені тақуалық пен Алладан қорқу бізді дүние және ақырет қиыншылықтарынан құтқарып, жәннатқа, «жамал илаһиге» жетелейді.
Мұсылмандардың Алланың разылығына жетуі тек сахабалардың жолымен жүруіне байланысты. Бұрынғылардың өмірінде кейінгілерге тағылым бар.
Адамдардың қалай дүниеден өтіп жатқанын көрудеміз. Өлім күнәһарды тәубе етуден бұрын алқымынан алып, жақындарынан ажыратады. Әрине, адамдарды дүниеге қатты байлануына жол бермей, ақырет өміріне бағыттайтын насихат ретінде өлім де жеткілікті. Алладан өлімнен кейінгі жамандықтан пана тілеп, жақсылық сұра. Алланы ашуландыратын және ақыретке зиян келтіретін барлық амалдардан сақтан.
Алла тағаланың жазған ризығы міндетті түрде жетеді. Дүниедегі ризығың белгіленгеннен артық та, кем де емес. Сондықтан еңбектен, талпын, тәуекелге бел байла! Алла тағала сені кедейлікпен сынаса, сабырлы бол. Жаман жолға түсіп, адамдардың қолындағыға қызықпа! Алланың берген Ислам нығметіне риза бол. Өйткені бұдан асқан нығмет жоқ. Дүние нығметі уақытша, ал Исламның нығметі арқылы қолға түсетін ақырет нығметтері мәңгілік.