КӘЛӘМ ІЛІМІ ТУРАЛЫ

09 сәуір 2024 2398 0
Оқу режимі

Кәләм ілімі – арабшасы «илмул-кәләм», яғни «сөз ілімі» мұсылман ғалымдарының сенiм мәселелерiн талқылау, пікірталас үшін ежелгі грек ойшылдарының еңбектерінің негізінде түзген ілімі. Латынша баламасы «теология». Кәләм ілімі ақыли, яғни логикалық қисындарды қолдану арқылы нақли, яғни аяттар мен хадистердегі тұжырымдарды тұғырлай түседі. Бұл ілімге деген мұқтаждық мұсылман әлемінде пайда болған сан түрлі топтардың арасындағы, басқа дін иелерімен арадағы пікірталастарда таласушы тараптарға бірдей һәм бәрі де толық мойынсұнатын логикалық қисындар мен тұжырымдар қалыптастыру қажеттілігінен туындады.

Өйткені әрбір топ аяттар мен хадистерді өздерінің ұстанымдарына лайық түрде түсіндіруге тырысып бағып, иләһи уахиды өз беттерінше илеуге тырысты. Осыдан келіп бір аяттың мағынасы туралы сан алуан пікірлер қалыптасты. Сондықтан да күн тәртібінде барлық топтарға бірдей логикалық қағидаттарға жүгінуге, пікірталастың жалпыға ортақ талаптарын белгілеу мәселесі тұрды. Әркім аят-хадисті өз бетінше түсіндіретіндіктен нақли айғақтардан гөрі әуелі логикаға лайықталған ақли айғақтарды алға ұстаудың талабы туды. Сол заманның талабы солай болды. 

 

 

 

Дереккөз:   fatua.kz/kz/post/view?id=192

Пікірлер Кіру