БӨЛТІРІК ШЕШЕН ЖӘНЕ ЕКІ БАЛА
Бөлтірік шешен жоғалған бір үйір жылқысын іздеп Кескен көлдің қамысын жағалап із кесіп жүргенде бір төбенің астында бастарын көлеңкелеп алып сөйлесіп жатқан екі баланы көреді. Жақындап барып жоғалған жылқыларын сұрауға ниет қылады екі баланы шошытпайын деп атын тұсаулап жаяу барады.
Балаларға бес-алты қадам қалғанда əңгімесіне құрақ түреді.
Бір бала біреуіне «Тұрсайшы қой ұзап барады, қайырып кел»- депті сонда екіншісі «Сен жайдақтың аулынансың, жағаласып жау қайырғанда жамыраған қойды қайыра алмайсың ба, өзің бар»- депті. Сонда алғашқы сөйлегені «Сен батырдың аулынансың, бақырғандарыңнан жау қашады, басыңды көтеріп айқайлап көрші қой өзі-ақ қайырылады»- деп жата беріпті. Мынау кездейсоқ əңгімені естіп тəнті болған Бөлтірік шешен шыдай алмай «Əй, неге жатырсыңдар қойларыңа қасқыр шапты»- депті.
Екі бала атып тұрыпты.
Бірінші сөйлеген бала «Көкжалдың қойына қасқыр шабушыма еді. Өзіңдей із кесе алмай жоқ іздеген сөз таба алмай боқ іздеген қарны ашқан қаңғыбас болмаса»- депті.
Екінші бала орнынан тұрып «Іздеген жоғың Ботбайлардың жылқысының ішінде жүр. Бірақ олар жырынды ұры емес жолыңнан қалма»- депті.
Бөлтірік шешен не айтарын білмей сөзден тосылып Ботпайлардың аулына барып жылқыларын бөліп алып тұрып:
«Мен осы қазір Кескен көлдің жағасында екі балаға жолықтым.
Бала емес батпан екен
Бота емес бура екен.
Жағына жауабы сай.
Жауабына жалауы сай.
Жаңылмайтын Жайдақ пен Батырдың аулынан екен. Мынау екі жылқыны сол қос өреннің өрелі ой талғамына тартқан сыйым болсын» деп қалған жылқыларын айдап еліне жол тартыпты...
Ақпантай Байғұтов
Асан Тұрабаев.