БАРЛЫҚ НӘРСЕДЕН САБАҚ АЛУ КЕРЕК

18 шілде 2024 1674 0
Оқу режимі

Абдулқадир Гейлани (қ.с.) былай деген: «Алла тағала күш-құдіретімен бір сәтте көптеген нәрсені жоқ қылады және көптеген нәрселерді жоқ жерден жаратады. Кімін бай етеді, кімін кедей. Әуел баста жазмышқа жазғандарын жаратады. Бар болу не жоқ болу, тіршілік пен өлім, ауру-сырқат және басқа да жаратылысқа тән жағдайларды тіршілік иелері үшін жаратады.

Осылардың барлығы Алла тағаланың тануымыз, бір және бар екенін түсінуміз, Алланың күш-құдіретін жоққа шығармаумыз үшін керек.

Сондықтан Алла тағала Хашр сүресінің 2-аятында: «Әй ақыл иелері! Ғибрат алыңдар» - дегендей барлық нәрсеге ғибрат көзімен қарап, Алладан ғана сұрау керек. Өйткені жер мен көктің қазынасы оның құзырында. 

Алла тағала адамдарға хидаят-тура жолына нұсқау үшін пайғамбарлар жіберген. Адамдың қажетті нәрселерді сол пайғамбарлар арқылы баяндаған. Әр пайғамбар өз қауымына уағыз-насихат айтып, ақыретте болатын жағдайларды ескертіп тура жолды көрсеткен. Әлі де ғибрат алмасаңдар, сендердің жағдайларың мына аятта баяндалғандай болады деген: «(Олар) түсінбейтін біреу тәрізді; саңырау, сақау және соқыр. Сонда олар еш нәрсені аңғармайды» - деген. 

Адам баласы, Алла тағалаға иман етіп, салих амал жасап, тура жолда болған уақытша дүние-ақырет азабынан қорғалады. Егер салих амалдарды тәрк ететін болса, дүние-ақырет азапқа душар болуы мүмкін.

Пікірлер Кіру