БАРААТ ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ

21 ақпан 2024 2252 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Шағбан айының жартысы болғанда, түнде құлшылық жасап (намаз оқып), күндіз ораза ұстаңдар».

«Кімде-кім, бұл (Барат) түнде жүз рәкағат намаз оқыса, Алла Тағала оған жүз періште жібереді. Бұлардың отызы оны жәннатпен сүйіншілейді, отызы жаһаннам азабынан аман екенін жеткізеді, ал отызы дүние азабын одан кері қайтарады. Он періште ол адамды шайтанның тұзағынан қорғайды».

«Осы бес түнді құлшылықпен өткізген жанға жәннат уәжіп болады: «Tәруия» түні (Aрафадан алдыңғы түн), Aрафа түні, Құрбан айт түні, Ораза айт түні, Шағбанның он бесінші түні».

Барат түнінің кей ерекшеліктері мыналар:

Хикметі бар барлық іс – пенделердің ризықтары, ажалдары және басқа істері – осы түнде анықталады, жазылады.

Осы түнде ғибадат жасаудың сауабы мол.

Осы түнде рақым түседі. Хадисте: «Шағбан айының дәл ортасындағы түнде Алла тағала (ның рақымы) дүние көгінде көрінеді» - делінген.

Мүминдер кешіріліп, күнәлары өшіріледі.

Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) толық шапағат құқығы осы түнде берілген.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Шағбан айының он үшінші түнінде Алла тағаладан үмметі үшін шапағат сұраған. Алла Тағала үмметінің үштен бірі үшін шапағат етуге рұқсат етті. Он төртінші түні, қалған үмметі үшін шапағат сұрады. Алла тағала үмметінің үштен екісіне шапағатқа рұқсат берді. Он бесінші түні, қалған үмметі үшін шапағат сұрады. Алла тағала түйенің иесінен қашқанындай Алладан қашатындардан бөлек, үмметінің бәріне шапағат етуіне рұқсат берді.

Осы түнде зәмзәм суының ерекше көбеюі, Алла тағаланың сүннеті (илаһи дағдысы). Мұнда илаһи ілімдердің ақиқат жолындағы жандардың жүрегінде арта түсетініне белгі бар.

 

Пікірлер Кіру