АЙ НЕ БОЛАР КҮННЕН СОҢ... (Бұхар жырау)
17 сәуір 2024
1529
0
Оқу режимі
Ай не болар күннен соң,
Күн не болар айдан соң.
Құбылып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң.
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бүлген соң.
Төрде отырған қарт бабаң
Төресін жаңылар малдан соң.
Төркіндеген бикешің
Тіркеусіз о да қайтар малдан соң.
Доңғалақ арба жүре алмас,
Екі арысы сынған соң.
Жігіт жақсы бола алмас,
Алғаны жаман болған соң.
Қос, қос орда, қос орда
Қосыла қонбас малдан соң.
Қоспақ өркеш сары атан
Қом жасамас майдан соң.
Төсі аршынды сұлуың
Сілкіп төсек салмас малдан соң.
Байдың ұлы көрпелдес
Шұбалаңқы тартады,
Айдап жүрген малдан соң.
Үлдемен басын ораған,
Семсермен шашын тараған,
Қиғаштап қасын қараған,
Күлгенде күрек тісі қасқиған,
Қынай белін буынған,
Ол не болар ерден соң.
Пікірлер
Кіру