Ашуланғанда ағзамыз қандай күйде болады

18 ақпан 2019 8983 0
Оқу режимі

Ашу адамның ойлау қабілетіне кері әсер етіп, жүрек-қантамырлары ауруларының пайда болу мүмкіндігін арттырады. Ашуланғанда күйзеліс гормондары шамадан тыс көп бөлінетіндіктен мидың эмоцияға жауапты бөлігі қалыпты жұмыс істемей, мидың ойлауға жауапты бөлігін қанға толтырады.

Сондай-ақ, ашуланғанда қантамырлар жиырылып қалады. Нәтижесінде қан қысымы көтеріліп, жүрек соғысы мен тыныс алу баяулайды. Бұл жағдай жиі қайталана берсе, қантамырлар ерте «қартаяды», яғни жұмысы бұзылады.

Зерттеу бойынша, ашушаңдық цитокин (қабынуға себеп болатын молекулалар) мөлшерін арттырып жібереді, сондықтан артрит, қант диабеті мен обырды тудырады.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру