AЛЛА ТАҒАЛАҒА СЫЙЫНУ

04 сәуір 2024 1639 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اِذَا أَتَى عَلَىَّ يَوْمٌ لَا اَزْدَادُ فِيهِ عِلْمًا يُقَرِّبُنِى اِلَى اللهِ عَزَّ وَجَلَّ فَلَا بُورِكَ لِى فِى طُلُوعِ شَمْسِ ذٰلِكَ الْيَوْمِ. (الجامع الصغير)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла Тағалаға жақындататын білім алмаған күні мен үшін  сол таңның атуында береке жоқ». (Табәрани, әл-Мұғжам ул-кәбир)

Хақ тағала құлдарына нәпсі мен шайтанның жамандығынан өзіне сыйынуды бұйырған.

Шайтаннан және нәпсіден шынайы сыйыну – Алла тағаланы зікір етіп, Оның әмірлерімен амал ету.

Имам Шаранидің ұстазы оған бұл жайында мынадай насихат айтқан:

«Балам, саған қиянат жасағанға мән берме, сен әрдайым Алла тағаланы зікір етіп, құлшылығыңды жаса, Алла сені одан қорғайды. Өйткені сенің табандылығыңды сынау үшін оны сенің басыңа бәле қылған Алла тағаланың өзі.

Расында адамдардың көбі бұл орайда қателесуде және өздеріне қиянат жасаушылармен әуре болуда. Сол себепті де күнәға кірумен қатар, көрген зәбір-жапалары арта түсуде. Айтылғандай, олар Алла тағалаға бет бұрған жағдайда, сөзсіз, Алла тағала оларды қай кезде де қорғанына алады».

Шынында әулие Алий үл-Жәмәл (рах.) айтқан: «Жауыңа көрсетер шынайы қарсылық – достарыңа лайықты ыстық сезіміңді жеткізу. Сен жауыңа қарсылық танытумен айналыссаң, достарыңның да ықыласын суытасың. Міне, осы кезде дұшпаның сенен алмақ болған нәрсесіне қол жеткізеді».

Қысқасы, ақылды адам Алла тағаланы зікір етуші. Зікір тоқтамаса шайтан мен нәпсінің дымы құриды, шарасыз күйде қалады. Олар бағынады.

Атаулла Ескендири былай дейді: «Шайтан мен нәпсі сенен ешқашан ғапыл болмайтынын біліп қана қоймай, сен де бәріне құдіретті Алла тағаланы зікір етуден ешқашан ғапыл қалмауға тырыс».

Пікірлер Кіру