АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

11 наурыз 2025 334 0
Оқу режимі

 

 

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: مَنْ قَرَأَ الْقُرْآنَ لَمْ يُرَدَّ إِلَى أَرْذَلِ الْعُمُرِ. (ك)

Ибн Аббастан (р.a.) риуаят болған, oл былай деген: “Құран кәрімді (үйреніп) оқыған адамның әрзәли өмірге (өмірдің ең төменгі, басқаларға мұқтаж болу сатысына) кері қайтуы мүмкін емес.” (Хаким, әл-Мүстәдрак)

Адам өмірі төрт сатыдан тұрады. 

Біріншісі: Өсіп-жетілу сатысы, туғаннан отыз үш жасқа дейінгі аралық. Бұл кезең балалық және жастық шақ. 

Екіншісі: Тұрақтау сатысы; отыз үштен қырыққа дейінгі кезең. Бұл күштің мейлінше толысқан, ақылдың кемелденген сатысы. 

Үшіншісі: Кемел (болып-толу) сатысы, қырықтан алпыс жасқа дейінгі аралық. Ал расында бір хадисте былай дейді: “Қырық жасқа келіп қайыры/жақсылығы жамандығынан басым түспеген адам жаһаннамға дайындалсын”. Бұл кезеңде адамның күш-қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл барынша айқын болмайды.

Төртіншісі: Қарттық және құлдырау шағы, алпыс жаста басталып өлгенге дейінгі аралық. Бұл кезеңде адам бәдені әлсіреп, болдыра бастайды. Өлім қорқынышы күшейеді.

Әлиден (к.у.) жеткен бір риуаятта жетпіс бес жаста «әрзәли өмір» басталады. «Әрзәли өмір» адамның бала күнгідей не айтып, не істегенін білмейтін күйге түсуі. Кез келген ондай күйге жетуі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.a.у.) «әрзәли өмірден» Aллаға сыйынған. 

Дініне ұқыпты, Құран кәрім оқуынан және шариғат ілімінен қол үзбеген адамның әрзәли өмірі болмайтыны риуаят болған. Олай өмір сүрген адамның өмірі ұзарған сайын жақсылығы арта түсетіндіктен, олардың арасында алжығаны өте сирек ұшырасатыны айдай ақиқат. 

Яхия ибн Муаз (рaх.) былай дейді: “Сенің өмірің ақырет өмірімен салыстырғанда, алған бір тынысыңмен тең. Oны босқа жіберсең, мәңгілік қайғы-шерге ұшырайсың”.

Хикметті бір кісі былай деген: “Мұхаммедтің (с.a.у.) үмметінің өмірі (алдыңғы үмметтерге қарағанда) қысқа. Алайда қолдаушылары, шапағатшылары көп. Oлар бұрынғы үмметтердің ұзақ уақытта қол жеткізе алмаған рухани дәрежелерге аз уақытта жетеді. Бұл Aлла Tағаланың ең зор ізгілігі”. 

Пікірлер Кіру