«Сенен шаршадым» деген сөз талаққа жата ма?
26 тамыз 2019
12353
0
Оқу режимі
Ассалаумағалейкум! Егер күйеуім бірінші рет: «сенен шаршадым» деп, ал біраз күннен кейін екінші рет: «егер бұлай жалғаса беретін болса, кеш болмай тұрғанда екі жаққа кетуіміз керек шығар» десе, талақ болғанымыз ба? Мұны бір емес, екі рет айтты. Жалпы талақтың шартын айтып беріңізші.
Жауап
Уағалейкумсалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу!
Күйеуіңізді айтқандары талақ болып есептелмейді. Себебі, бұлардың бәрі ескертуге жатады. Ал, талақтың шарты бойынша күйеуі әйеліне ажырасатынын ашық, нақты айтуы керек. Мәселен, «сені талақ еттім», «сенімен ажырастым» деген сөздер айтылса, ерлі-зайыптылар талақ болады.
Пікірлер
Кіру