Тірі адамға құран бағыштауға бола ма?
15 сәуір 2019
19934
0
Оқу режимі
Саламалейкум. Бірде қайтыс болған кісілерге Құран бағыштап отырып тірі адамдардың да атап өткенім бар. Негізі тірі адамға Құран бағыштала ма?
Жауап
Уа алейкум әссалам!
Жалпы Құран бағыштау деген – оқылған Құранның сауабын өзгеге сыйлау демек. Бұған қатысты Шейх Али Жұма былай дейді: «Әсілінде, Құранның сауабы оны оқып отырған адамның өзіне қайтады. Адайда қайсы бір адам дұға ретінде: «Уа, Алла, менің амалымның немесе оқыған Құранымның сауабындай сауапты пәленше деген адамға да сыйлағайсың, тірі болса да, бақилық болса да», – деуге болады. Сауапты дұға ретінде сыйлау ғалымдар арасында келісілген нәрсе. Дұрысын Алла біледі»[1].
Осы айтылғанға сүйене отырып, сауапты дұға ретінде сыйлауға, яғни бағыштауға болады дей аламыз. Ең дұрысы Аллаға мәлім!
Пікірлер
Кіру