Айт намазына тамақ ішіп бару дұрыс па?
08 шілде 2022
7200
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Бірде Ораза айт намазына тамақ ішіп бару абзалырақ, Құрбан айт намазына тамақ ішпей бару абзалырақ деп оқыған сияқты едім осы рас па? Толықтырып айтып берсеңіздер еді... Егізбаев Диас
Жауап
Ораза айт күні мешітке үйден тамақтанып шығу – мұстахаб амал. Сондай-ақ, жейтін асы тәтті тағам немесе құрма болғаны және олардың санын тақ етіп жегені сүннетке сай болады[1].
Бұл жөнінде Әнастың (р.а.): «Алла Елшісі (с.ғ.с.) ораза айт намазына құрма жемей үйден шықпайтын. Сондай-ақ, құрманы тақ етіп жейтін»,[2] – деген риуаяты бар.
[1] Лубәб шарх әдәб китаб, 124-бет
[2] Бұхари
Автор: Muslim.kz порталы
Пікірлер
Кіру