Діни сауаттылық пәтуа айтуға рұқсат бере ма?

09 ақпан 2022 6553 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Мешіт сауат ашу курсына қатысып, дінді үйренген соң шариғат бойынша қарапайым мәселелерде пәтуа беруіме рұқсат етіле ме?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Пәтуа беру – абыройлы мансап. Сонымен бірге, биік дәреже. Өйткені, пәтуа беру шариғи үкімді жеткізуде Пайғамбар (с.ғ.с.) атынан сөйлеуді білдіреді.

Имам Науауи: «Білгеніңіз жөн, пәтуа беру – аса қатерлі іс. Үлкен шаруа. Мол берекетті іс. Себебі, пәтуа беруші – Пайғамбарлардың (ғ.с.) мұрагері. Ол – кифая парызды[1] орындаушы тұлға. Міне, сондықтан араб халқында «Пәтуа беруші – Алла Тағала атынан қол қоюшы» деген сөз бар»[2], – деп жазады.

Ал, енді мұнда тағы бір мәселе бар. Бір немесе бірнеше шариғи үкімдерді оқу арқылы білген адамның сол үкімді сөзбе-сөз жеткізуі пәтуа деп айтылмайды.

Түйіндей айтатын болсақ, пәтуаны жоғары діни білімі мен біліктілігі бар діни тұлғалар ішінен іріктелген маманы ғана бере алады. Елімізде пәтуа беру және пәтуа шығару құзіретіне ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі ие.

Руслан Камбаров

 


[1] Кифая парыз – бір немесе бірнеше тұлға орындаумен қоғамның басқа мүшелерінің мойнынан түсетін парыз түрі.
[2] Мажмуғ, имам Науауи.

Автор: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру